• 10/03/2017

    Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» атты кітабының тұсаукесері өтеді

    Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» атты кітабының тұсаукесері өтеді

    Бүгін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубында кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кешті жазушы, кинодраматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай жүргізді. Тұсаукесер рәсіміне Дамир Манабай, Дәрежан Өмірбаев, Қалила Умаров сынды елімізге белгілі кинорежиссерлер мен қатар өнер қайраткерлері де қатысты. Кешті «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубы және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырды.

  • 03/03/2017

    «Қазақфильм» киностудиясы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көрсетілім өткізді

    «Қазақфильм» киностудиясы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне  қайырымдылық көрсетілім өткізді

    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Бекмамбетов синема» кинотеатрымен бірлесе отырып, Алғыс айту күніне орай, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған «Үміт» үйінің оқушылары, №1 балалар үйі мен жекеменшік «Кәусәр» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қысқаметражды анимациялық фильмдер топтамасының қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.

  • 01/03/2017

    Алматыда «Аманат» фильмінің қайырылымдылық көрсетілімі өтті

    Алматыда «Аманат» фильмінің қайырылымдылық көрсетілімі өтті

    1 наурыз, Алғыс айту күні, Алматының Бостандық ауданы әкімдігінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» көркем фильмінің халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына арнайы қайырылымдылық көрсетілімі ұйымдастырылды.  Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «KazDesign Production» ЖШС жарнама-продюсерлік компаниясы  «MobileDalaFilm» жобасымен және Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімдігі.

  • 28/02/2017

    Алматыда «Кәукеннің жұлдызы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

    Алматыда «Кәукеннің жұлдызы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

    Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында, Ермек Тұрсыновтың киноклубында Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Кәукеннің жұлдызы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмнің режиссері Ғазиз Насыров.

1 ... 23 24 25 26 27 28

Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019