«Анаға апарар жол» фильмі үстіміздегі жылы тамыздың 23-і мен 27-і аралығында Хорватияда өткен Халықаралық «Марко Поло» кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» жүлдесін алды. Сонымен қатар, аталған кинотуынды «Ең үздік сценарий» және «Көрермендер көзайымы» жүлделерімен марапатталды.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қыз бен теңіз» атты толықметражды көркем фильмнің түсірілімдері аяқталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильмнің режиссерлері әрі сценарий авторлары Әзизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков.
Латвиядан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына режиссер-документалист Дзинтра Гека бастаған бір топ кинематографистер келді. Келудегі мақсаттары: аты аңызға айналған оператор Эдуард Казимирович Тиссэге қатысы бар материалдарды жинау.
«Қазақфильм» киностудиясының екі бірдей ауқымды жобалары – «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» («Путь Лидера. В эпицентре мира») және «Тұмар патшайым» атты тарихи туындыларына кастинг әлі де жалғасып жатыр. Енді Қазақстанның Оңтүстік және Батыс...