Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Дулат Исабековтің сценарийі негізінде Балуан Шолақ туралы толықметрлі көркем фильм түсірмек. Киносценарий М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған «Жаужүрек» пьесасының желісі бойынша жазылған.
Бүгін Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ және «Алматыфильм» киностудиялары бірлесіп, Гүлсім Оразалиеваның «Нұртас Оңдасынов» атты кітабының желісі бойынша түсірген мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың өмірі мен қызметін баяндайтын деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмнің режиссеры Оңдасын Тастанов.
Бүгін журналистер жұмыс атауы «Арман әлемі» деп аталатын фильмнің түсірілім алаңына барып қайтты. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсіріп жатыр. Картинаның режиссері – «Қызғылт қоян туралы хикая», «Инопланетяне ни при чем» сынды фильмдермен танылған Фархат Шәріпов. Журналистер қауымы түсірілім барысын бақылап, фильмнің түсіру тобымен әңгімелесіп қайтты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясында өндірілген «Жол» және «Воля к победе» атты фильмдері 2017 жылдың 13-20 сәуір аралығында өтетін «Красногорский» атты 15-ші халықаралық спорттық кинофестиваліне қатысады.