Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі шетелдік фильмдер арасынан топ жарып, Бас жүлдені - "Азияның үздік фильмі" жүлдесін жеңіп алды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталмыш фильм осы фестивальдің «Шығыс Панорамасы» секциясында 12 елден келіп түскен 15 толықметражды картинамен бақ сынады.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде қысқаметражды көркем фильмдер сценарийлерінің конкурсы жалғасуда. Әзірге әр түрлі жанрдағы бірнеше ондаған сценарийлер келіп түскен.
Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу және Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында, Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында 1966 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген, режиссер Шәкен Аймановтың «Атамекен» көркем фильмі көрсетіледі.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Миры Мориса Симашко» деректі фильмі үстіміздегі жылдың 17 мен 21 сәуір аралығында Мәскеуде өткен 19-шы DetectiveFest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Фильмнің режиссері – ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Александр Головинский.