1 наурыз, Алғыс айту күні, Алматының Бостандық ауданы әкімдігінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» көркем фильмінің халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына арнайы қайырылымдылық көрсетілімі ұйымдастырылды. Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «KazDesign Production» ЖШС жарнама-продюсерлік компаниясы «MobileDalaFilm» жобасымен және Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімдігі.
Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында, Ермек Тұрсыновтың киноклубында Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Кәукеннің жұлдызы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмнің режиссері Ғазиз Насыров.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының Эксперттік кеңесі Қазақстандық жазушы Данияр Сүгіралиновтың «Кірпіштер 2.0» атты кітабының желісі бойынша түсірілетін «Арман әлемі» фильмінің режиссерлік сценарийін талқылап қабылдады. Фильмнің режиссері Фархат Шәріпов.
«Қазақ Елі» анимациялық фильмі Каир қаласында өтіп жатқан оныншы Халықаралық анимациялық фильмдердің форумына қатысып «Ең үздік толықметражды фильм» жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, картинаның композиторы Руслан Шынықұлов және фильмнің әуенін жазуға қатысқан музыкант Жанболат Әділов құрмет дипломдарымен марапатталды. Айта кететін жайт, анимациялық кинотуындының халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, кеңінен насихатталу жұмыстарын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жүзеге асырады.