• 07/12/2016

    «Жүректерге жаңа ғұмыр сыйлаған» фильмі Катманду қаласында көрсетіледі

    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Алматыфильм» ЖШС қатысуымен жарыққа шығарған «Жүректерге жаңа ғұмыр сыйлаған» деректі фильмі желтоқсанның 8-і мен 12-і аралығында Катманду қаласында (Непал) өтетін 14-ші Халықаралық кинофестивальдің байқаудан тыс бағдарламасында көрсетіледі. Фильмнің режиссері Оңдасын Тастанов.

  • 05/12/2016

    «28 панфиловшы» фильмі прокатта көшбасшылар қатарында

    Қазақстан мен Ресей бірлесіп өндірген «28 панфиловшы» фильмі прокатта көшбасшылар қатарында тұр. Қазақстан аумағында бірінші аптадағы есеп бойынша 30 миллионнан астам қаржы жинады. Қысқа мерзімнің ішінде мол қаржы жинауына қарағанда көрермендер арасында танымал болып отыр. Көрермендер қызығушылының артуына байланысты фильмнің екінші аптадағы прокаты табысты болады деп күтілуде.

  • 02/12/2016

    «Құнанбай» фильмінің авторлары мемлекеттік сыйлыққа ие болды

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа қазақтың ұлы ойшылы Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлы  туралы түсірілген «Құнанбай» фильмінің шығармашылық тобы лайық деп танылды.  

  • 02/12/2016

    «Қазақфильм» киностудиясында «Таңсәрі» фильмінің түсірілімдері басталды

    Режиссер Әділхан Ержановтың «Таңсәрі» толықметрлі көркем фильмі түсірілім кезеңіне өтті. Түсірілімдер «Қазақфильмнің» территориясында картинаға арнайы тұрғызылған декорацияларда жүріп жатыр. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асып отыр.

1 2 3 4 5 ... 8

Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019