Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Ғаламтордағы махаббат» және «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» фильмдері DVD-де жарық көрді.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Жарасым дәрістері» фильмі Түркияның Эскишехир қаласында мамырдың 3-і мен 12-і аралығында өтетін XVIII Халықаралық кинофестивальге қатысады.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Бекболат Шекеровтың «Қоңыр» фильмі Ресейдің Барнаул қаласында сәуірдің 24-і мен 28-і аралығында өткен төртінші «Киноликбез» кинофестивалінде «Күміс Жан-Люк» жүлдесімен марапатталды.
2 мамырда жастарға арналған «Ұстаз» атты музыкалық фильм жарыққа шықты. Фильмді түсірген Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ , «Vox Pictures» компаниясының қатысуымен.