Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Теңіз қасқыры» қысқаметражды фильмі үстіміздегі жылдың 6 - 23 мамыр аралығында Испанияның Сарагос қаласында өтетін қоршаған ортаны қорғау тақырыбына бағытталған «ECOZINE» атты Халықаралық фестивальде бақ сынайды. Фильмнің режиссері - Алмас Бектібаев.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Журналист экстрима» атты көркем фильмге кастинг жариялады. Картинаның режиссері Әділхан Ержанов.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Мими» атты қысқаметражды фильмге басты және қосалқы рөлдерге кастинг жариялады. Картинаның режиссері - Шәрипа Оразбаева.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Айнұр Ысмайылованың «Көке» атты қысқаметражды туындысы Анкара қаласында өтетін 16-шы Халықаралық «Flying Broom International «Women's Film Festival» атты фестивальге қатысады. «Көке» фильмінде әкесін соңғы сапарға шығарып салған баланың кенеттен есеюуі жайында айтылады.