2013 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ прокатқа 10 кинотуындыны жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.
Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған 28 жастағы қазақ режиссері – Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» атты тырнақалды кинотуындысы 63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынды.