Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссері Қанағат Мұстафиннің спорт тақырыбындағы «Серпін» фильмі, 2012 жылы 8 мен 12 наурыз аралығында Харьков қаласында (Украина) өтетін «Ступени» атты Халықаралық құқық қорғау кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына алынды.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссері Нариман Төребаевтың «Шуақты күндер» фильмі 14 мен 21 ақпан аралығында Францияның Везуль қаласында өтетін <a href="http://www.cinemas-asie.com/">Festival International des Cinemas dAsie</a> халықаралық кинофестивалінде бақ сынайтын болады.
2012 жылы 15 ақпанда қазақ киносының саңлағы, актер, режиссер, КСРО халық әртісі, Сталин атындағы жүлде мен Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шәкен Кенжетайұлы Айманов көзі тірісінде 98 жасқа толар еді.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Супер Баха» атты комедиялық комиксі DVD нұсқада толық тиражы 10000 данамен сатылымға түсті.