2012 жылдың ең ірі әрі көптен күткен жобасы, алғашқы көрсетілімнен-ақ үлкен табысқа қол жеткізген Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек Мың Бала» фильмі еліміздің республикалық телеарналарынан көрсетіледі.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Жаңабек Жетіруовтың
«Аққыз» фильмі 2012 жылдың 27 шілде мен 5 тамыз арадығында Нью-Дели қаласында
өтетін «Osian's-Cinefan» атты үнді, азия және араб елдерінің киноларына арналған фестивальге
қатысады.
Кеше, 17 мамырда осымен 65-ші рет өткізіліп отырған Канн кинофестивалінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған екі бірдей туындының көрсетілімі өтті. Оның бірі фестивальдің «Ерекше көзқарас» бағдарламасы («Un Certain Regard») аясында көрсетілген режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі болса, екіншісі Канн кинофестивалінің кинонарығында ұсынылған Ақан Сатаевтың «Жаужүрек Мың Бала» фильмі болды. Көрсетілімнен кейін халықаралық дистрибьюторлар «Қазақфильм» киностудиясының аталған туындыларын әлемдік прокатқа шығару үшін бірден сатып алуды ұсынды. Осылайша, «Студент» фильмін «Media Luna New Films» атты неміс компаниясы, ал «Жаужүрек Мың Бала» фильмін Канаданың «108 Media» компаниясы сатып алды.
2012 жылдың ең ірі жобасы «Жаужүрек Мың Бала» фильмінің алғашқы көрсетілімінен кейін Қазақстан кинематографиясы тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды.