«Меломан» дүкендеріне Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған «Astana team» атты деректі фильм DVD нұсқада сатылымға түсті.
Қазанның 15-і мен 19-ы аралығында Мәскеу қаласында Red Square Screenings атты киногерлердің кездесуі өтті. Айтулы іс-шараны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Қазақстан продюсерлер гильдиясымен бірлесіп Ресейдің кино қоры ұйымдастырған.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған фильмдер қазанның 15-сі мен 20-сы аралығында Мәскеу қаласында ресейлік Кино қоры ұйымдастырған Red Square Screenings атты әлемдік киноиндустрия өкілдеріне арналған көрсетілім шеңберінде ұсынылатын болады.
2012 жылы 10 қазанда «Арман» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған, режиссер Ермек Тұрсыновың «Шал» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірілген.