Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі Оңтүстік Кореяда қазанның 4-і мен 13-і аралығында өтетін Халықаралық Бусан кинофестивалі аясында ұйымдастырылған A Window on Asian Cinema (Азия киносының терезесі) атты халықаралық байқауға қатысады.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі Италияның Рим қаласында қазанның 5-і мен 13-і аралығында «Asiatica» атты Азиялық кинолар фестивалі шеңберінде өтетін Selection Shorts and Features Film атты халықаралық байқауға және Түркияның Анталья қаласында қазанның 6-сы мен 12-сі аралығында өтетін 49- шы Халықаралық «Алтын апельсин» кинофестиваліне қатысады.