Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған режиссері Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі «Киношок-2011» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.
Алматы қаласында еліміздің мәдени өміріндегі ең ауқымды шара - VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Қыркүйек айының 19 мен 23 аралығында киносүйер қауым Еуропа, Азия және ТМД елдері режиссерлерінің 12-ге жуық авторлық картиналарын тамашалады.
21 қыркүйекте VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қазақ кино майталмандарына арналған жұлдыздар аллеясы ашылды. Бұл мәдени іс- шара Алматы киностудиясының 70 жылдығы аясында өткізіліп отыр.
Голивудтың танымал режиссері Чак Рассел VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына ат басын тіреді.