7 қазанда «Қазақстандағы қырғыз кино күндері» мәдени шарасы аясында «Қазақфильмде» киностудия басшылығы Қырғызстаннан келген кинематографистер-әріптестерімен кездесті. Қонақтар киностудияны аралап, анимациялық және сандық кешенді, сонымен қатар қалпына келтірілген түсіру павильондарын көріп тамашалады.
VII Халықаралық «Еуразия» фестивалі шеңберінде өткен Бірінші «Қазақстан киножобалар нарығында» жеңіске жеткен режиссерларды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында дипломмен марапаттады.
1 қазанда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайымен бірлесе отырып, Халықаралық қарттар күніне орай «Сізге қамқор қолымды созамын» атты қайырымдылық акциясы шеңберінде фильмдердің көрсетілімін өткізді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткен бұл іс-шара барысында халықтың көңілінен шыққан ескі және соңғы жылдары түсірілген жаңа фильмдер көрсетілді. Олардың қатарында: Шәкен Аймановтың «Тақиялы періштесі», Сламбек Тәуекелдің «Жерұйығы», Рүстем Әбдірәшевтың «Балалық шағымның аспаны» фильмдері және 2011 жылдың желтоқсан айында үлкен экрандардан көрсетілетін Сәбит Құрманбековтың «Жиде. Кеш келген махаббат» картинасы көрсетілді.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған режиссері Қанағат Мұстафиннің «Секіріс» фильмі 27 қыркүйекте Липецк қаласында бастау алған «Атлант» атты VIII Халықаралық спорт фильмдері фестивалінің конкурстық бағдарламасында бақ сынайтын болады.