7 қарашада Астана қаласының «Арсенал 3D» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Талғат Теменовтың «Менің күнәлі періштем» фильмінің тұсаукесері өтті.
«Басты рөл» тележобасы – бұл жаңа отандық фильмдерге жарияланған ашық кастинг. Жобаға жасы 16-ға толған, өз күшіне сенімді дарынды жандар қатыса алады. Ең харизмалық және дарынды екі қатысушы актерлық шеберліктен дәріс алуға әлемдік киноиндустрияның жүрегі - Hollywood-қа жолдама алады.
30 қазан мен 8 қараша аралығында ЮНЕСКО Қазақстандық Ұлттық Федерация орталығы ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан мәдени іс-шара барысында, еліміздің көркем-сурет мектептері оқушылары мен Алматы қаласының жетім балаларына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған режиссері Рүстем Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетіледі. Бұл кездесуге жас актер Елжас Әлпиев, актер Ержан Жарылқасынов және Алмагүл Әлішева қатысатын болады.
1 қарашада Германияның Коттбус қаласында әлемдегі ең ірі шығыс-еуропалық кинолары фестивалі басталды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Нариман Төребаевтың «Шуақты күндер» фильмі фестивальдің халықаралық байқауында бақ сынайды.