Тамыз айының 23-нен бастап киностудияның ресми сайтының қазақша нұсқасы түгелдей дерлік іске қосылып, өз жұмысын бастады. Енді киностудияның тарихы мен бүгінгі күнгі даму бағытын, «Қазақфильм» киностудиясының, жаңа буын және белгілі кинорежиссерлердің, продюсерлердің, сонымен қатар клипмейкерлердің ұсынатын қызметтерін, елге танылған атақты актерлер жайында, және де кастингтер мен киностудияның жаңа туындылары жайындағы ақпаратты мемлекеттік тілде алуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, қазақ тіліне мұрағаттағы барлық көркем, деректі, анимациялық фильмдердің және ретро-фильмдердің синопсистері аударылды. «Баспасөз қызметі» бөлімі жұмыс істейді.
21 тамыз күні «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері мен түсіру топтарының арасында Шәкен Айманов кубогын иелену үшін футболдан жарыс өтті. Футбол додасына 6 құрама командалары қатысты. Олар: «Жеңіс», «Цифровик», «Атажұрт», «ОПС» және «Качели» топтары. Қазылар алқасы ретінде Қазақстанның Футбол Ассоциациясының кәсіби төрешілері шақырылды.
1 шілде, сағ. 21.30-да «Хабар» телеарнасында 2010 жылдың көптен күткен «Астана — махаббатым менің» атты телесериалының премьерасы өтеді.
1 шілдеде «Хабар» телеканалында 21.30 көптен күткен 2010 жылдағы «Астана — махаббатым менің» атта телесериалдың премьерасы өтеді.