Ақпарат Хабар агенттігінен алынды
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыруымен дүркіреп өткен Павлодардағы қазақ киносының күндері өз мәресіне жетті.
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген режиссер Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» фильмі 24 мен 28 сәуір аралығында Киш аралында өтетін I Халықаралық Иран кинофестивалінде байқауға қатысатын фильмдердің қатарына енді.
— Берілетін жүлделердің еш бір қажеті жоқ деп айтсам, бұл сөзім жалған болар еді.Өйткені әр бір жүлде фильмнің көрерменге жол тартуына өз септігін тигізеді. Жүлде алған сайын фильмнің көрермендері де арта түседі. Дегенмен де, кино әлемінде жүлде бірінші мәселе емес, егер фильм көрерменнің жүрегіне жетіп, санасында қалып жатса, осы мәселе маңыздырақ болар еді.
Киш аралындағы Халықаралық кинофестиваль алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға Иран, Түркия, Сирия, Үндістан, Тәжікстан, Әзірбайжан елдерінің фильмдері қатысады деп жоспарланған. Фестиваль шеңберінде әзірбайжан ақыны Низами Гянджеви туралы түсірілген деректі фильммен қатар, тәжікстандық екі деректі фильм көрсетіледі деп күтілуде. Ол екі фильмнің біреуі қасиетті ауған қаласы Мазари-Шариф жайында болмақ.
Фильмнің режиссері Ардақ Әмірқұлов: «Фильмнің жеңіске жетуі мен жетпеуін алдын-ала болжау қиын. Себебі, кинофестиваль дегеніміз, объективті көрсеткіштермен бағаланатын спорттық тартыс емес, қайта барлығы да субъективті түрде, нәзіктік пен шеберліктің үйлесімділігі сынға түседі» — деп, өз ойын қорытындылады.
Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА-ның XVII сессиясындағы жолдауы
18.04.2011 г.
Нью-Йорк киноакадемиясының Лос-анджелес қаласындағы кеңсесінің басшысы Ден Маклер Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына келіп қайтты. Іс-сапардың негізгі мақсаты киностудия мен америка акдемиясының болашақта тұрақты түрде өзара бірлесіп жұмыс жасаудың жоспарларын талқылау болды.
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Павлодар әкімшілігінің қолдауымен Павлодар қаласындағы Қазақ киносының күндерін ұсынады.
14 сәуір күні «Арман» кинотеатрында режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінің тұсаукесер рәсімі өтеді. Аталған шараға түсірілім тобы қатысады. Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірілді.
Ұлықтау күні қарсаңында, кеше кешкілік Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» орталық концерттік залына келді. Осында Мемлекет басшысы үшін «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмнің тұсаукесерлік көрсетілімі арнайы ұйымдастырылды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген, режиссер Рүстем Әбдірашевтің бұл туындысы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік додадағы жеңісіне өзіндік бір тарту болғандай! «Балалық шағымның аспаны» («Небо моего детства») балалық бал дәурені — бүкіл өмір майданға байланған шаққа және соғыстан кейінгі «тар жол, тайғақ кешу» жылдарына тұспа-тұс келген баланың тарихы. Ал баланың аты — Нұрсұлтан!
Соңғы онжылдықтағы ең ірі «Мың бала» атты тарихи киножобаның түсірілімі басталды. Фильмнің режисері Ақан Сатаев. «Мың бала» Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Новый киноформат» кинокомпаниясының бірлескен жобасы.
Алматы қаласында режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» атты боевик жанрындағы фильмінің журналистерге арналған алғашқы көрсетілімі өтті. Фильмнің басты рөлдерін Берік Айтжанов пен қатар Әзіз Бейшенәлиев, Қарлығаш Мұхамеджанова және Винни Джонс сомдайды. Аталған фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Сатайфильм» кинокомпаниясының бірлескен жобасы.