Қысқаметражды «Кездесу» («Встреча») фильміне кастинг жарияланады.
24 мамыр күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» атты көркем фильмі журналистер қауымына арнайы көрсетілді. Фильм Т аяу Шығыстан, Кавказдан, Поволжья елдерінен қазақ жеріне күштеп жер аударған халықтардың қиын-қыстау кезеңін бейнелейді.
Фильм Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иелері жайында. Фильмнің басты кейіпкерлері – Арман, Олег, Сәбит «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елге білім алуға кетеді. Еурапа елінің беделді оқу орындарының бірінен білім алған достар бірнеше жылдан кейін елге оралады. Үш дос, үш түрлі тағдыр. Әр қайсысының тағдыры жаңа мемлекеттің құрылуы мен қалыптасуның тарихымен ұштасып, тұспа-тұс келеді.
24 мамыр күні Астана қаласында «Керуен» сауда орталығында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының соңғы туындыларының бірі, режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» фильмі IV Бүкіл әлем қазақтарының құрылтайында көрсетіледі. Құрылтай Астана қаласында 25-27 мамыр күндері өтеді.
Биылғы жылы көрме «Мұражай және естелік» деген ұранмен өтіп, тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналды. Мұражай қонақтарына арнайы ұйымдастырылған «Өткеннің айнасы» деп аталатын зергерлік бұйымдардан құралған жәдігерлер көрмесі, түрлі музыкалық топтардың өнер көрсетуі, сән әлемін паш еткен қойылымдар мен көрмелер ұйымдастырылды.
14 мамыр күні М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі актер, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР халық әртісі Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.
13 мамыр күні 2011 жылы «Қазақфильм» киностудиясында қазақстандық суретші және киносуретші Нұрлан Әбішевтің Нью-Йоркте SPRING IN FULL COLOR деген атпен өткен көркемөнер байқауының жеңімпазы атануына орай баспасөз-конференциясы өтті.
12 мамыр күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын АҚШ елшілігінің уақытша ісін жүргізуші Джон Ордвей аралап қайтты.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Ардагерлер үйінде «Балалық шағымның аспаны» атты фильмнің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.
Әр қайсысыңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, ырыс пен береке тілейміз!