• 22.01.2019
    750

    Мәскеуде Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    20 қаңтар күні Мәскеудегі Третьяков галереясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтті. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Көрсетілім Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.  

    Аталған фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы бпяндайды. «Қазақ хандығы» жобасының идея авторы Нұрсұлтан Назарбаев.  

    - «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің Мәскеудегі алғашқы көрсетілімі. Біз орыс тіліндегі нұсқасын YouTube желісіне салдық. Бір айдың ішінде көргендер саны миллионнан асты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Комментарийлер өте жақсы. Әлемнің түкпір-түкпірінен: Түркия, Ресей, Ауғанстан, Иран, Латын Америка елдерінен. Түрле елдердің тұрғындары біздің фильмімізге, қазақ және түркі тарихына және көшпенді мәдениетіне қызықғушылық танытып жатқандары қуантады, - деді фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашов.  

    - Фильмді сатып алуға көптеген елден ұсыныс түсті. Әр қайсысы 10 сериядан тұратын екі маусымды алғылары келді. Картинаны «Тақтар ойыны» фильмімен салыстырады, - деді фильмнің бас продюсер және негізгі ролдердің бірін сомдаушы Арман Әсенов.

    Фильм мәскеулік көрерменнің және ондағы қазақ диаспорасының көңілінен шықты. Халыққа толы болған зал фильм аяқталған соң, біразға дейін тарқамай туынды талқыға салып, өз пікірлерін білдіріп,  қол шапалақтап тұрды. Көрсетілім ресейлік шығармашылық қауымның да назарынан тыс қалмады – фильмді көруге кино және театр актерлары Мария Голубкина, Александр Рапопорт және журналист, шоумен Дмитрий Дибров келді.

    -Бұл қарапайым оқиға желісін баяндайтын кино емес. Бұл үлкен өнер туындысы. Фильмнен кейін Қазақстанға барғым және қазақ болғым келді. Бұл үлкен жетістік, фильмнің жалғасын асыға күтетін боламын, - деп ойын жеткізді Голубкина.

    - Фильм ертегі, аңыз іспетті. Тарихқа деген өзіндік көзқарас. Кейіпкерлердің антропологиясы қандай нақты берілген десеңші. Қазақ, ойрат, моғол немесе шайбандардың ерекшеліктері айқын көрсетілген. Суретшілердің жұмысы қандай керемет. Көшпелі халықтың тіршілігін керемет көрсете алған. Атмосферасы бар. Костюмдердің түсі, фактурасы тамаша. Музыкасы картинада әдемі үйлесім тапқан. Фильмнің жалғасын көргім келеді,  - деді Дмитрий Дибров.

    Айта кетелік, «Қазақ хандығы» сериалның екінші маусымы аяқталып, көрерменге жол тартуға дайын. Аталған сериалдың кинонұсқасы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тұсаукесері 2019 жылдың бірінші жартысына жоспарланған.

    Ақпараттық анықтама:
    Фильм туралы:ХV ғасырдың орта тұсы. Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі  Шыңғысханның немересі,  Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.
    1460 жыл. Орда Еженніңұпақтары– Кереймен Жәнібектің айналасына біріккен  ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.
    Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.  


    Қоюшы-режиссері: Рүстем Әбдірашов
    Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдірашов
    Қоюшы суретшілері: Өмірзақ Шманов, Сәбит Құрманбеков, Еділ Нүсіпов пен Жаннат Баймұқанованың қатысуымен
    Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Александр Плотников және Андрей Маслов. Бас продюсері: Арман Әсенов
    Фильмнің продюсері: Іңкәр Әбдіраш
    Композиторы: Әбілқайыр Әбдіраш
    Басты рөлде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Әбілмәжинов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іңкәр Әбдіраш, Дінмұхамед Ақымов және басқалар.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020