• 13.12.2018

    «Қазақфильм» «Қызғалдақтар атамекені» атты фильмнің тұсаукесерін өткізді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматыда, ҚР Ұлттық кітапханасында «Қызғалдақтар атамекені» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Фильм «Мерген» студиясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

    Олег Беляловтың жаңа туындысы әлемдегі ең танымал әрі сүйікті гүл – қызғалдақ туралы баяндайды. Фильм тамыры тереңге тартатын ерекше гүлге арналады.

    - Тамаша фотограф Олег Беляловты кезінде режиссер болуға көндіре алғаныма қатты қуанам. Ол үшін бұл маңызды шешім болды. Ал бүгін міне, біз оның фильмін тамашалауға жиналып отырмыз, - деді фильм басталар алдында сөз алған «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков.

    Сондай-ақ, Бақыт Қайырбеков режиссердің бірінші туындысы «Алтынемел» Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен кино мен туризм саласындағы Азия өнері апталығында үздік шетел деректі фильмі аталымында алған призін табыстады.  Айта кетелік, Олег Беляловты Қазақстан кинематографистер одағы ұлттық «Құлагер» премиясында үздік режиссер-документалист деп таныған болатын.

    - Қанша жыл фотографиямен айналысқам және ол үшін ешқашан жүлде алмаған едім. Ал бүгін бұл призді алып отырғаныма қатты қуаныштымын, - деді режиссер Олег Белялов.

    «Қызғалдақтар атамекені» фильмінің түсірілімдері Алматы, Жамбыл, Түркістан және Орталық Қазақстан облыстарында жүрген. Сонымен қатар, режиссердің айтуы бойынша, фильмде архивтік материалдар қолданылған.

    - Көпшілік қызғалдақты Голландиямен байланыстырады. Алайда, бұл гүлдің отаны – Қазақстан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қызғалдақ тақырыбын қозғағаны мені қуантып отыр. Өйткені, бұл гүлдер біздің мұрамыз, мақтанышымыз, брендіміз. Оларды қадірлеп, қорғауымыз керек, - деді фильмнің ғылыми кеңесшісі Анна Иващенко.

    Фильмнің соңынан көрермендер толассыз қол шапалақтап, фильм жайлы пікірлерін ортаға салды.


    Сценарий авторы әрі қоюшы режиссері: Олег Белялов
    Қоюшы операторы: Олег Белялов  
    Дыбысоператоры: Әділ Доскемпіров
    Монтаж режиссері: Наталья Рыблова

    Режиссер туралы ақпарат:

    Олег Белялов  1960 жылы Алматыда 23 тамыз айында дүниеге келген. Алғашқы фотографияларын «Смена-7» фотоаппаратымен 1970 жылдары жасаған. Сол кезде жабайы табиғатқа дәне құстарды фотоға түсіруге деген қызығушылығы басталған. 1984 ж. мен 1987 ж. – «Қазақфильм» киностудиясының оператор ассистенті болып істеген. Көптеген зоологиялық экспедициялар мен фильмдер түсірілімінде және Қазақстан табиғаты туралы фотоальбом жасауға қатысқан.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019