• 22.11.2018
    323

    «Талан» және «Тренинг личностного роста» фильмдері Шәкен Айманов кинофестивалінде жүлделі болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетов түсірген «Талан» фильмі 14-ші Шәкен Айманов кинофестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ тарихи туынды «Ел Арна» телеарнасының жүлдесі – «Ел Арна таңдауы» дипломына ие болды.

    Аталған кинотуындыда жиырмасыншы ғасырдың 30-шы – 40-шы жылдардағы ел тарихында орын алған оқиғалар қарапайым адамдардың өмірі арқылы баяндалады.

    - Кино әлеміне 7 жасымда келдім. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаев ағаларымызды өз көзіммен көрдім. Сондықтан да, Шәкен Кенжетайұлының есімімен аталатын осы фестивальде жүлделі болғаныма өте қуаныштымын. Барлық әріптестеріме, достарыма, киностудия басшылығы мен түсіру тобына алғысымды айтамын, - деді Болат Қалымбетов марапаттау рәсімі барысында.

    Одан бөлек, бұл кинофестивальде Фархат Шәріповтың «Тренинг личностного роста» фильмі қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Бұл кинотуындыны Нетпак қазылар алқасы да үздік деп таныды. Олардың құрамында  Гульбара Толомушева, Ержан Жұмабеков және Сергей Анашкин болды.  
        Данияр Сүгіралиновтың «Кірпіштер 2.0» романына негізделген бұл фильм жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды.
        Айта кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген екі фильм Фестивальдің түркі тілдес фильмдер ұсынылған «Атамекен» конкурстық бағдарламасына қатысқан болатын. Бұл бағдарламада отандық фильмдермен қатар тағы да 10 туынды көрсетілді. «Атамекен» бағдарламасының қазылар алқасының құрамына  Садық Шер-Нияз (Қырғызстан), Борис Шульман (Швеция), Сергей Члиянц (Ресей), Сердар Гекхан (Түркия) және Катаюн Беглари (США) кірді.  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020