• 15.11.2018

    Алматыда «Тренинг личностного роста» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Тренинг личностного роста» фильмінің жабық көрсетілімі, сондай-ақ шығармашылық топтың  қатысуымен баспасөз отырысы өтті. Картинаның режиссері «Қызғылт қоян туралы хикая» және «Инопланетяндардың қатысы жоқ» фильмдерімен танылған Фархат Шәріпов. 

    Данияр Сүгіралиновтың «Кірпіштер 2.0» романына негізделген бұл фильм жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу – көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады. Коуч-тренер жетістікке қалай жету керектігін және көшбасшы бола білудің әдістерін айтады. Көшбасшы болудың құпияларын бойына сіңіре келе, Қанат өзін және өмірге деген көзқарасын өзгертуге бекінеді. 

    Баспасөз отырысы барысында фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Фархат Шәріпов фильм туралы айтып, өз ойымен бөлісті: «Өз өміріңді өзгерту ешқашан да кеш емес. Бұл фильмдегі басты ойлардың бірі. Осы кинотуынды  арқылы біз белгілі бір проблемаларды және ішкі-жан дүниенің күйзелісі туралы, күнделікті өмірдің бір қырын ғана ашып көрсетуге тырыстық».   

    Фильмнің түсіру жұмыстары Алматыда жүргізілді. Картинаның басты рөлін сомдауға көптеген үміткерлердің арасынан Дулыға Ақмолда бекітілген болатын. Сонымен қатар, фильмде Ержан Түсіпов, Гүлжамал Қазақбаева, Әсел Қалиева, Филипп Волошин және басқа да актерлер түскен.  

    - Түсірілімдер басталмай жатып режиссер бізді ұзақ дайындады, әр сахнаны бірге талқыладық. Фильмнің басты кейіпкерімен ұқсастығым жайында айтар болсам, мен де ол сияқты қарапайым адаммын. Өз басымнан ондай жағдайлар өткен емес, алайда осылай күй кешіп жүрген адамдарды жақсы білемін, - деді Дулыға Ақмолда. 

    Режиссер Фархат Шәріпов фильмнің 23-ші Халықаралық Пусан Кинофестивалінің «Азия киносына назар салу» бағдарламасына  қатысқаны туралы да айтты. Сондай-ақ аталған кинотуынды Алматыда қарашаның 17-і мен 21-і аралығында өтетін XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің «Атамекен» (түркі халықтары фильмдерінің байқауы) конкурстық бағдарламасына қатысады. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары бұл фильмді 18 қарашада «Сары Арқа» кинотеатрында тамашалай алады (көрсетілімдер кестесі). 

    Ұлттық прокатқа «Тренинг личностного роста» фильмі келер жылдың басында шығады. 

    Анықтама:
    Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
    Жанры: драма
    Режиссері әрі сценарий авторы: Фархат Шәріпов
    Қоюшы операторы: Александр Плотников
    Продюсерлері: Ержан Ахметов, Юлия Ким

    Режиссер туралы анықтама:

    Фархат Шәріпов – кинорежиссер, сценарист. «Кино режиссурасы» мамандығы бойынша Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тәмамдаған. New York Film Academy түлегі. «Қызғылт қоянның басынан кешкендері»(2010), «Инопланетяне ни при чем»(2013), «4+1»(2016) фильмдерінің авторы.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019