• 02.03.2018

    «Қазақфильм» «Махаббат. Үміт. Астана» сериалына кастинг жариялады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ресейлік «Студия кино» компаниясымен бірлесе отырып «Махаббат. Үміт. Астана» атты сериалдың түсірілімдерін қолға алды.

    Елорданың мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдің  «Первый канал» телеарнасынан көрсетілетін болады. Сериалдың режиссерлері – Иван Глубоков (Ресей) және Олжас Ермекбаев (Қазақстан).  Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі.

    - Сериалдың негізгі оқиғасы 60-шы жылдардағы Целиноград қаласында және арман қала ретінде көрсетілетін қазіргі Астана қаласында өрбиді. Елордамыз фильмнің басты декорациясы ретінде пайдаланылып қана қоймай, сонымен қатар, астаналықтармен бірге картинаның басты кейіпкері болмақ. Айтпақшы, фильмге эпизодтық рөлдерге кастинг жарияладық, сондықтан да, сериалға түскісі келген азаматтарға құлаққағыс етеміз, - деді сериалдың режиссері Олжас Ермекбаев.  

    Режиссердің айтуына қарағанда, кастингке жасы 5 пен 70 жас аралығында барлық қазақстандықтар қатыса алады (ер адамдар, әйелдер және балалар).

    Ол үшін casting.astana@mail.ru электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай аласыз:
    1.    Жақыннан (камераға қарап түскен қалыпты жағдайда және күліп түскен фотография),  басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, өзгертілмеген, көзілдіріксіз және линзасыз фотосуреттерді;
    2.    Өзіңіз туралы ақпаратты: аты-жөніңіз, туылған жылыңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, біліміңіз, кинодағы тәжірибеңіз туралы мәлімет беретін анкета жолдауыңыз қажет.

    Сонымен қатар, фотосуреттерді және өзіңіз туралы ақпаратты  +7 926 385 59 15 нөміріне  WhatsApp арқылы жібере аласыздар (бұл нөмірге қоңырау шалмауыңызды сұраймыз).

    «Махаббат. Үміт. Астана» сериалының тұсаукесері 2018 жылдың 6 шілдесіне – Астана қаласы күніне жоспарланған.

    Естеріңізге сала кетсек, былтыр 19 желтоқсанда Мәскеуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Первый канал» АҚ бас директоры Константин Эрнсттің кездесуі барысында, екі ел арасындағы кино индустриясын және телевизия саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалып, бірлескен киножоба түсіру туралы келісімге келген болатын.

    Режиссерлер туралы анықтама:
    Иван Глубоков Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография иститутының аттерлік  және режиссерлік факультеттерін тәмамдаған. «Первый канал» арнасында жұмыс істеген. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Первый канал» арнасында режиссер түсірген «Сальса» сериалы үлкен сұранысқа ие болған.
    Олжас Ермекбаев  Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетін (скрипка класы бойынша, Р.Мұсақожаеваның шәкірті); кейін Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография иститутының режиссерлік факультетін (А.К.Котт және В.К.Коттың шеберханасы), сонымен қатар М.Ф.Литовчин атындағы Гуманитарлық телеарналар және радио институтын (кино және теле бағдарламалардың продюсер мамандығы бойынша)тәмамдаған. Жас режиссер «Менің әлемім – музыка» атты қазақтың композиторы Ғазиза Жұбанованың өнеріне арналған деректі фильмді, сондай-ақ бірнеше қысқаметражды картиналарды түсірген. Олардың бірі, «Концерт» фильмі «Бастау» халықаралық кинофестивалінде Бас жүлдені иемденген.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019