• 26.09.2017
    1486

    «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі «Тұлпар-2017» киножүлдесінің үш аталымы бойынша жеңімпаз атанды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірген, режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі  «Тұлпар» кинопремиясының үш аталымында үздік шықты.  
    Кинакадемияның барлық мүшесі қатысқан жабық дауыс беру қорытындысы бойынша, «Үздік операторлық жұмыс» (Сапар Койчуманов, Александр Плотников), «Үздік қоюшы-суретші жұмысы» (Сәбит Құрманбеков, Өмірзақ Шманов) аталымдарын «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі»  жеңіп алды. Ал «Үздік ер адам рөлі» номинациясын Елтеріс Нұржанов («Аудандар»)  пен Қайрат Кемалов («Қазақ хандығы. Алмас Қылыш») бөлісті.

    Жалпы «Тұлпар-2017» киножүлдесінің басқа да аталымдары бойынша үздік деп танылғандар:  
    Үздік фильм

    «Аудандар»

    Үздік режиссерлік жұмыс

    Ақан Сатаев – «Аудандар»

    Үздік сценарий

    Тимур Жақсылықов – «Аудандар»

    Үздік әйел рөлі

    Айсұлу Әзімбаева – «Ғаламторда»

    Фильмге жазылған үздік музыка

    Әлім Заиров – «Аудандар»

    Үздік шетелдік фильм

    Руслан Акун – «Анамды іздеймін»


    Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 22-і күні Алматыдағы InterContinental қонақүйінде кинематография саласындағы Ұлттық «Тұлпар» кинопремиясының жүлделерді табыстау салтанатты рәсімі өтті.
    Кинофорум 2016 жылдың 1 қазаны мен 2017 жылдың 30 қыркүйегі аралығында прокатқа шыққан отандық, түркі тілдес халықтары және көршілес елдер фильмдері арасында өткен байқаудың қорытындысын жариялады.  Отандық картиналар 8 аталым бойынша, ал түркі тілдес елдері және көршілес елдерден қатысқан фильмдер бір аталымда бақ сынады.  Салтанатты рәсім ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

    Айта кетелік, «Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымы өндіріске жіберілді және түсірілімдер басталып кетті. «Қазақ хандығының» екінші маусымы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойаншы түсіріледі. Екінші маусымның оқиғасы Жәнібек ханның қайтыс болуына дейінгі уақытты қамтитын болады. Сценарийді бірінші маусымның авторлары Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов және Рүстем Әбдірашов жазып шыққан.

    Ақпараттық анықтама:
    Фильм туралы:ХV ғасырдың орта тұсы. Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі  Шыңғысханның немересі,  Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.
    1460 жыл. Орда Еженніңұпақтары– Кереймен Жәнібектің айналасына біріккен  ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.
    Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020