• 26.09.2017
    1346

    «Аман келешек» фестивалінің қатысушылары «Қазақфильмге» келді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматы қаласында өткен «Аман келешек» атты балалар фестивалі шеңберінде «SOS Астана балалар ауылы» мен Қызылорда балалар ауылының тәрбиеленушілері Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына келіп, оның тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Қазақстанның 3000-нан астам балалары қатысқан бұл фестивальді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырып отыр.

    Экскурсия ұлттық кинематографияның негізін қалаушылардың бірі, танымал кинорежиссер Шәкен Аймановтың ескерткішінен басталды. Сондай-ақ балалар Жұлдыздар аллеясындағы отандық кинематографияның дамуына үлес қосқан киногерлердің құрметіне  орнатылған ескерткіш тақталармен танысты. Одан бөлек, қонақтар «Қазақ хандығы» тарихи сериалы үшін арнайы тұрғызылған
    «Шайбаншах сарайы» декорациясын көрді. Тарихи туындының қоюшы режиссері Рүстем Әбдіраш пен қоюшы-операторы Сапар Қойчуманов балаларды қарсы алып, екінші маусымның түсірілімдері басталғаны туралы айтып берді.

    Экскурсия барысында балалар киностудияның павильондарын аралап, «I’m singer» тележобасының түсірілім алаңына барды. Сонымен қатар, балалар «Қазақфильмнің» анимация орталығын аралап, оның жетекшісі Жәкен Даненовпен танысты. Белгілі режиссер-аниматор балаларға қазақ мультипликациясы туралы және бұрынғы мультфильмдердің жасалу әдістері туралы қызықты әңгімелеп берді. Кездесудің соңында балалар «Қазақфильмнің» соңғы жылдары жарыққа шыққан мультфильмдерді тамашалады.

    - Біз «Қазақфильмге» алғаш рет келіп отырмыз, өте ұнады. Бұл күн балалардың есінен кетпейтіні анық, мүмкін олардың арасынан болашақта киногер шығатын шығар, -  деді  Шолпан Мантаева, «SOS Астана балалар ауылы» әкімші қызметкері.

    Экскурсия соңында балаларға сыйлыққа Шәкен Аймановтың фильмдерінен құралған DVD жиынтығы табысталды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020