• 25.09.2017
    2914

    «Қазақфильмде» Тұмар патшайымның рөліне актриса таңдаудың соңғы іріктеуі өтуде

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматыда, «Қазақфильм» киностудиясының территориясында «Тұмар» тарихи фильмі басты рөліне үміткерлер арасындағы кастингінің соңғы кезеңі – видеосынақ өткізілді. Басты рөлге үміткерлер қатарында еліміздің танымал актрисалары Аружан Жазылбекова, Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Кәмшат Жолдыбаева, Бибігүл Сүйінішалина және басқалар бар. Сондай-ақ, видеосынаққа жалпыреспубликалық кастингтен өткен үміткерлер де қатысты.  

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Фильмнің өндірісін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Сатайфильм» кинокомпаниясының қатысуымен іске асырады. Фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева («Анаға апарар жол»). Қоюшы-режиссері – Ақан Сатаев («Рэкетир», «Адасқандар», «Ликвидатор», «Жаужүрек мың бала» және басқалар).  
    - «Тұмар» фильміне кірісу  мен үшін өте маңызды. Ақан Сатаевтың тобымен бұған дейін жұмыс істедік, сондықтан фильмнің болашақ тағдырына алаңдамаймын. Менің бар ойым, көрермен қауым қазақ даласының ежелгі тарихымен тағы да етене таныса түссе екен деймін. Біздің сценарий қандай да бір туындының негізінде жазылған жоқ, түпкі нұсқадағы сценарий екенін баса айтқым келеді, - деді Әлия Назарбаева.    

    Фильм б.з.д. VI ғасырда ұлы даланы басып алғысы келген парсы патшасы ІІ Кирге, сақ тайпалары массагаттердің патшайымы Тұмардың қолбасшылғымен жойқын тойтарыс бергені туралы баяндайды.

    - Маған және менің тобыма осы фильмді қолға алу туралы ұсыныс былтыр Әлия Назарбайқызынан түсті. Ол кісі «Анаға апарар жол» фильмімде бас продюсер қызметін атқарды. Бұндай фильмді түсіру біз үшін үлкен абырой, ал көрермен алдында жауапты іс.  Сценарий - тарихи дереккөздер, ғылыми зерттеулер* және кеңесшілермен тығыз байланыста жасаған жұмысымыздың жемісі, - деді режиссер Ақан Сатаев.

    Бәріңізге белгілі, Қазақстанның үлкен қалаларында республикалық кастинг жүргізілді және аталмыш қастингке актер жолын енді бастап жатқан актерлермен қатар кәсіби актерлер қатты қызығушылық танытты.
    – Өз тарапымнан барлық облыстық драма театрларына, мәдениет басқармаларына және халықты дер кезінде құлақтандырып отырған БАҚ-на алғысымды айтқым келеді. Жалпы, бүгінгі таңда, кастингке 10 000 астам қазақстандық қатысты. Оның ішінде электронды поштамызға 3940 анкета келіп түсті. Қазақстандықтардың кастингке қатысуға айрықша ілтипат білдіргендері қуантады, - деді жобаның кастинг-директоры Жайна Әбдиева.

    Айта кетелік, «Тұмар» фильмінің кастингі әлі жүріп жатыр. Қастингке қатысқысы келетіндер күнде «Қазақфильм» киностудиясына мына мекенжай бойынша келіп қатыса алады: Әл-фараби даңғылы, 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «Двухпавильонник» ғимараты, 3-этаж. Кастингке 16 жастан асқандар қатыса алады.

    - Алматыдағы кастинг әлі жүріп жатыр, өйткені басты рөлдерден басқа екінші пландағы және эпизодтық рөлдерге актерлер қажет. Біз түрлі типаждарды іздейміз, жаңа актерлерді тапқымыз келеді, - деп қосты кастинг-директор.

    Бүгінгі іріктеу турынан өткен актерлер атқа міну, садақпен ату және басқа да соғыс амалдарын үйрену үшін Жайдарбек Күнғожиновтың үйрену лагеріне жіберіледі.
    Басты актерлердің қатысуымен өтетін өтпелі кезең түсірілімдері үстіміздегі жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

    - Өтпелі кезең натурасының түсірілімдері Алматы облысы Заречный ауылында өтеді. Біз кинода Қазақстанның бай табиғатын барынша көрсеткіміз келеді. Жоспарымыз бойынша, түсірілімдер, Бурабайда, Баянуаылда, Қапшағай аумағында және Шонжыдағы сор мен тақыр жерлерінде өтеді. Сондай-ақ, әктасты таулары бар Ақтауда да түсірілімдер жүргіземіз. «Қазақфильм» киностудиясының территориясында «Вавилон» декорациясын тұрғызуды жоспарлап отырмыз, - деп айтты фильмнің продюсерлері Анна Чакиртова мен Әлия Меңдіғожина.

    Фильмнің басты кейіпкерлері мен эпизодта ойнайтын актерлері үшін арнайы костюмдер тігіліп, сол дәуірге сай әшекей бұйымдар мен қару-жарақ дайындалу үстінде.

    - Бұрын киностудияда сол заманға (б.д.д. VI ғасыр) қатысты фильмдер түсірілмеген, сондықтан да барлық костюмдер мен реквизиттер жаңадан дайындалып жатыр. Сол кездегі тарихи шындыққа сай болу үшін жобада кеңесшілермен бірге қоюшы-суретші Қуат Тлеубаев және костюм жөніндегі суретші Әсел Шалабаева жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі үміткерлерді біз бар костюмдермен шартты түрде киіндіріп қойдық. Өйткені Тұмар киетін костюм және басқа да кейіпкерлердің киімдері барлық актерлер бекітілгеннен кейін ғана арнайы тіккізілетін болады, - деп түйіндеді продюсерлер.
    Ең ауқымды тарихи кинотуындының тұсаукесері 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

    О фильме: Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Тұмар патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады.  Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының  патшасы Кирмен шайқасады.

    Ең ауқымды тарихи кинотуындының тұсаукесері 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

    Фильм туралы:

    Бас продюссері: Әлия Назарбаева
    Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев
    Сценарий авторлары: Әлия Назарбаева, Тимур Жақсылықов
    Қоюшы оператор: Хасан Қыдыралиев
    Қоюшы суретші: Қуат Тлеубаев
    Костюм жөніндегі суретші: Әсел Шалабаева
    Грим жөніндегі суретші: Лидия Ордынская
    Кастинг-директор: Жайна Әбдиева
    Трюктарды қоюшы: Жайдарбек Күнғожинов
    Продюсерлер: Анна Чакиртова, Әлия Меңдығожина


    Режиссер туралы ақпарат:
    Ақан Сатаев – кинорежиссер, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Кұлагер-2009» ұлттың жүлдесінің лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері.  1971 жылы 23 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1988 жылы мектеп бітірген А.Сатаев облыстық телеарналардың бірінде режиссер көмекшісі болып жұмыс істейді. 1989 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтының «Телеарна режиссері» факультетіне оқуға түседі. Институтты тәмамдағаннан кейін жарнамалық роликтер түсіріп көзге көрінеді. «Жас аккордионшының өмірбаяны» және «Аллажар» фильмдеріне түскен. 2003 жылы «Sataifilm» атты жеке компаниясын ашып, алғашқы толықметражды «Рэкетир» атты фильмді түсіреді. Бұл туынды прокаттың алғашқы күндері-ақ  миллион доллар қаржы тапқан.

    ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Режиссер: «Рэкетир» («Sataifilm», 2007), «Ағайынды» («Sataifilm», 2008, сериал), «Адасқандар» («Sataifilm», 2009), «Ликвидатор» (КЗФ, 2011), «Жажүрек мың бала» (Қазақфильм, 2012), Бауыржан Момышұлы (2013, сериал), «Хакер» («Sataifilm», 2014), «Рэкетир 2» («Sataifilm», 2015), «Анаға апарар жол» (Қазақфильм, 2016), «Районы» («Sataifilm», 2016), «Она» (2017).

    *     Массагеттердің тарихын ғалымдар дүниежүзінің тарихы шеңберінде қарастырып,  скифолог мамандар зерттеп жатыр. Бұл тақырыпта талассыз еңбек етіп, беделге ие болған ірі мамандар бар, олар ресейлік тарихи мектептің өкілдері, мысалы Ф.Г.Мищенко, А.М.Хазанов және т.б. бар. Бұл ғалымдардың өздері және олардың ізбасарлары массагеттердің, исседондар, савроматтар, скифтер мен сақтар мәдениеттерінің туысқандығы жайында айтқан болатын. Осы фильмнің сценарийін жазу барысында төмендегі шығармалар қолданылды:

    Мищенко Ф.Г.Легенды о царских скифах у Геродота. Санкт-Петербор, 1886.
    Хазанов А.М. Социальная история скифов. Основные проблемы развития древних кочевников евразийских степей. Мәскеу, 1975.
    Куклина И.В. Этнография Скифии по античным источникам. — Л., 1985.
    Дандамаев М.А. Иран при первых Ахеменидах. Мәскеу, 1963.
    Дандамаев М.А. Политическая история Ахеменидской державы. Мәскеу, 1985.
    Пьянков И.В. Массагеты Геродота. // ВДИ. 1975. №2.
    Немировский А.А. Массагеты Геродота и саки тиграхауда. // Эдубба вечна и постоянна. Санкт-Петербор, 2005.
    А.Таировтың  докторлық диссертациясы, тақырыбы «Ранние кочевники урало-казахстанских степей в VII-II вв. до н.э.» 2005 ж.;
    В. Васильевтың докторлық диссертациясы, тақырыбы: «Вооружение и военное дело кочевников Южного Урала в VI-II вв. до н. э.» 1995 ж.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020