• 20.09.2017
    1127

    «Шала қазақ» (шартты атауы) атты фильмнің түсірілімдері аяқталды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген «Шала қазақ» атты (шартты атауы) толықметражды көркем фильмнің түсірілім жұмыстары аяқталды.

    Вестерн жанрында түсірілген жаңа кинотуынды қылмыскерлермен  жалғыз өзі күреске түскен ауылдың учаскелік полицейі туралы баяндайды, режиссері – Төлеген Байтүкенов.

    - Біз бұл жобаға былтыр көктемнен бастап кірістік. Сол кезден сценарий көптеген өзгерістерге ұшырады. Басында комедия түсіруді жоспарлаған едік. Сценарийдің соңғы нұсқасы алты ай бұрын ғана жазылып бітті, бұл нұсқаның дүниеге келуіне ACTION режессура және монтаждау шеберханасының тыңдарманы – Андрей Тен және менің жарым Инна атсалысты. Фильмнің қазіргі атауынан еш жұрнақ қалмады десем артық айтпаған болар едім. Фильмнің атауын алда міндетті түрде өзгертеміз. Фильмнің жанры – вестерн. Менің ойымша, бұл жанрда түсірілген фильмдер Қазақстанда  жоқтың қасы. Вестерн түсіру үшін бізде жазық дала да, тұлпарлар да, қайратты жігіттер де бар. Және де, вестерн уақыт өте келе АҚШ қоғамында орын алған өзгерістерді айқын көрсете алды. Басқаша айтқанда, вестерн тарихы – бұл Американың көңіл-күй тарихы. Осы вестернның қалыбын біздің елге алып келуді бұрыннан ойлап жүргем, - деді картинаның режиссері.

    Естеріңізге сала кетсек, фильмнің түсіру жұмыстары үстіміздегі жылы 10 тамызда басталып, 21 күнге созылған. Картинаның түсіру жұмыстары Алматы облысы Қапшағай қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан «Бригадир №4» ауылында өткен.  


    -    Жалпы, түсірілім сәтті өтті. Әрине, ұйымдастыру және шығармашылық жағынан қиындықтар болды. Түсіру барысында техникамыз істен шығып кетіп, жергілікті тұрғындар келісілген жұмыстарды орындаудан бас тартып жатты. Біресе жаңбыр жауып, бірде жел соқты. Жазық даладағы аптап ыстықтан түсірілім тобы мүшелері ауырып та қалды. Алайда, менің ойымша осының бәрі кинематографиядағы қалыпты жағдай, - деді режиссер.

    Сонымен қатар, режиссер фильмдегі актерлер мен олардың шеберлігі туралы сөз айтты.

    -    Актерлердің барлығына, оның ішінде эпизодтағы актерлерге де ризамын. Учаскелік полицейдің  рөлін жас театр актері Ақылхан Алмасов сомдап шықты. Ақыл кино актері ретінде әлі таныла қойған жоқ, алайда оның болашағы зор болатынына сенімдімін. Оның бойында Кененбай Қожабеков, Сүйменқұл Чокморов сынды кеңес заманындағы қазақ және қырғыз киносының артистеріне тән бір асылдық қасиет бар. Қазіргі кезде сирек кездесетін қасиет. Ал учаскелік полицейдің әйелін – Айнаны Дина Тасболатова сомдайды. Дина еңбекқор, драма жанрындағы актриса. Ол түсірілім алаңында барын салып ойнады. Эпизод ойдағыдай түсірілсе де, өзіне ұнамағанын алға тартып, қосымша дубль сұрап жүрді. Ал Қайсар есімді антогонист жігітті Ержан Нүсіпақынов сомдайды. Ол тәжірибелі актер. Ол кісі өлтірушіні жақсы орындап шықты деп ойлаймын.
    Ал Шыңғыс Капин Дастан есімді қылмыскердің рөлін сомдады. Ол қылмыстық операцияны ұйымдастырушы. Шыңғыс – артист болу үшін жаралған адам, нағыз Феллини кейіпкері, өте жарқын тұлға. Оның түсірілім барысындағы перфоманстарын бақылаудың өзі ғанибет.

    Картина киноөндірісінің ең қиын монтаждау-түстеу кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде жоспар бойынша фильм қараша айының ортасына дейін болады.

    Фильм туралы:Өркениеттен тыс қалған ауылдың бірінде учаскелік полицей ауылды басып алған қылмыскерлермен күреске түседі. Ұрланған құнды заттарға толы жүк көлігі осы ауылда сынып қалғандықтан, қылмыскерлер жүк қоймасын іздеп, осы ауылда тоқтауға мәжбүр болады.Олар екі күннің ішінде жерге көмілген бағалы жүктерін қазып алып,ешкімге зиян келтірмей ауылдан қашып кетуді көздейді. Алайда, қылмыскерлердің бұл жоспарлары іске аспай қалып, ауыл тұрғындарына күш жұмсайды...Тек ауылдың учаскелік полицейі қылмыскерлерге төтеп беріп, өзінің борышын соңына дейін өтейді.

    Жанры:вестерн, драма, боевик
    Қоюшы режиссер: Төлеген Байтүкенов
    Сценарий авторлары: Төлеген Байтүкенов, Инна Мұқашева, Андрей Тен
    Қоюшы оператор: Александр Рубанов
    Қоюшы суретші: БерікболШашубаев
    Дыбыс режиссері: Илья Коробейников
    Атқарушы продюсер: Әділ Қожабергенов
    Продюсері: Шынар Бөрібаева
    Рөлдерде:АқылханАсылов, Дина Тасболатова, ШыңғысКапин, Еркебұлан Тасынов, Ержан Нүсіпақынов, Сәлім Балғазин, Марат Инербаевжәне басқалары.

    Режиссер туралы анықтама: Байтүкенов Төлеген– сценарист, режиссер, журналист, киносыншы, Қазақстан киносыншылар ассоциациясының мүшесі. 2014 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының Жоғарғы режиссерлар курсын «Кино режисурасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
    А.А. Эшпай және В.А. Фенченконың шеберханасында дәріс алған.
    Фильмографиясы: «СуперБаха» атты комикс-комедияның сценарийін жазуға қатысқан, сонымен қатар тең режиссері (Қазақфильм, 2011), «Басқалар» қысқаметражды фильмнің сценарий авторы және режиссері (2014), «Өмір сынағы»сериалының идея және сценарий авторы («7» телеарнаның тапсырысы бойынша, реж Қ. Мұстафин, 2015), «Тайталас»сериалының сценарий авторы («Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша, реж. А. Ыбыраев, 2016).


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020