• 25.07.2017

    Қазақфильм» «Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымына кастинг жариялайды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымына кастинг жариялайды. Сериалды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Сериалдың режиссері – Рүстем Әбдірашов («Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Темір тау», «Тығырықтан жол тапқан», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш»).

    Кастинг талаптары:
    •    3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар
    •    18 бен 80 жас аралығындағы әйелдер мен ер адамдар
    •    Ұлты: барлық ұлт өкілдері қатыса алады
    •    Әйелдердің татуажсыз, жасанды кірпіксіз және бет бояуынсыз келулерін сұраймыз.

    Кастинг Алматыда 25 шілдеден 10 қыркүйекке дейін төмендегі мекен жай бойынша жүреді.
    Әл-Фараби даңғылы, 176, «Қазақфильм» киностудиясы, ПЛК ғимараты, 2-ші этаж, 255 кабинет.
    Жұмыс күндері, сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019