• 23.06.2017

    «Қазақфильм» екі бірдей жобаға кастинг өткізіп жатыр

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» («Путь Лидера. В эпицентре мира») атты фильмге актерлар арасында кастинг жарияланды, сонымен қатар «Тұмар» атты тарихи жобаға кастинг әлі де жалғасып жатыр.

    «Қазақфильм» киностудиясы жұмыс атауы «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» атты жобаға актерлар арасында кастинг жариялады. Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр. Қоюшы режиссері Ақан Сатаев.

    Ал массагеттердің патшайымы туралы «Тұмар» атты тарихи жобаға кастинг үстіміздегі жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

    Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандықтар қатыса алады.

    Алматы қаласында жоғарыда айтылған киножобалардың кастингі келесі мекен-жайы бойынша өтуде: Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «Двухпавильонник» ғимараты, үшінші қабат.

    Айта кетсек, бұл фильмдерге кастинг Қазақстанның басқа да қалаларында өтіп жатыр.  Жақын күндері кастинг төмендегі қалаларда өткізілетін болады:

    Павлодар қаласында – 22, 23 және 24 маусымда, Ж.Аймауытов атындағы қазақ облыстық музыкалық драмалық театры (мекен-жайы: Ломова көш, 140).
    Семей қаласында – 26 және 27 маусымда, Абай атындағы қазақ облыстық музыкалық драма театры (мекен-жайы: Абай алаңы.).
    Өскемен қаласында – 29 және 30 маусымда, Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры (мекен-жайы: Сәтпаев даңғ, 55).

    Театр және кино актерлері бірінші болып қабылданады.

    Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекен-жайға сағат 9:00-18:00 аралығында келуі тиіс (13:00-14:00 үзіліс).

    Қойылатын талаптар:

    Жасы: 16 жастан жоғары ( 16 жасқа дейінгі балалар және кастингке келіп қатыса алмайтындар, casting_satai@mail.ru  электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай алады: 1. Жақыннан (анфас және профиль), белге дейін және басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, көзілдіріксіз және өңделмеген фотосуреттерді; 2. Туған жылыңыз бен тұратын қалаңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, ұлтыңыз бен біліміңіз, жұмыс орны мен мамандығыңыз туралы, сонымен қатар, қандай спорт түрімен айналысатыныңыз, кинодағы тәжірибиеңіз (сериалдар мен бейнеклиптер), музыкалық немесе би өнеріңіз туралы ақпараты бар анкетаны толтырасыз.


    Назар аударыңыз! Өзіңізбен байланысу үшін телефон нөміріңізді жазып жіберуіңіз керек.

    Ұлты: барлық ұлттар

    Спорттық дене бітімді, жасыл немесе көз көзді, шаштары сарғыш адамдарды қуана қарсы аламыз!

    Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз!


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019