• 12.06.2017
    829

    «Қазақфильмде» мүмкіндігі шектеулі жандар туралы әлеуметтік фильм түсірілуде

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жұмыс атауы «Девушка и море» («Қыз бен теңіз») атты әлеуметтік жобаны түсіруді қолға алды.

     

    Аталған фильмде БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің өмірі баяндалады. Оның бар арманы - махаббатын кездестіріп, отбасын құру. Уақыт өте Әсел БЦП-мен ауыратын Тахир есімді жігітті кездестіріп, өмірі өзгереді.  

     

    Фильмнің режиссерлері әрі сценарий авторлары – Мұхамед Мамырбеков және Әзизжан Заиров.

     

    -«Девушка и море» фильмі мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірін баяндайтын «Безграничные возможности» дилогиясының екінші бөлімі. «Быть или не быть» атты бірінші бөлім арқылы біз БЦП-мен ауыратын жас жігіттің өмірін көрсетуге тырыстық.  Ал осы фильмде бойжеткеннің өмірін көрсетеміз. Фильм негізіне «Арди» оңалту орталығының тәрбиеленушісі Динара Шарипованың өмірі алынған. Картинада ол басты рөлді сомдайтын болады. Динара өзінің өмірге деген көзқарасымен, өмірсүйгіштігі және мінезінің жұмсақтығымен ерекшеленеді. Өзінің ауруына қарамастан ол толыққанды өмір сүреді. Жоғарғы білім алып, қаладағы банктердің бірінде жұмыс істейді. Шығармашылыққа да өте жақын, аяғымен суреттер салып, дені сау адамдарға өз-өзіне сенуге көмектеседі. Фильмде біз оның шексіз ішкі жан дүниесін ашып көрсетпекпіз, - деді фильмнің режиссері әрі продюсері Әзизжан Заиров.

     

    Айта кетсек, фильмде басты рөлдерді «АРДИ» оңалту орталығының оқушылары сомдайтын болады. Мысалы, дилогияның бірінші бөлімінде басты рөлді сомдаған актер, БЦП-мен ауыратын Тахир Омаров ойнайды. Сондай-ақ, фильмге Эмир Байғазиннің «Төрт оқиға» фильмінде басты рөлді сомдаған  Қанағат Тасқараев та түседі.

     

    - Бұл картина арқылы біз көрермендерге тек мүгедек жастардың ғана емес, мүмкіндігі шектеулі барлық жандардың күнделікті проблемалары туралы ашып көрсетпекпіз. Қоғамда өз орнын тауып, тең мүшесі болу үшін осындай адамдардың өмірімен, тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін, көрермен оларға түсіністікпен қарап, тіпті өздерінің күшіне де сене алады. Біздің туынды тек мүгедектерге ғана емес, сонымен қатар барлығымызға да арт-терапия болмақ, - деді режиссер Мұхамед Мамырбеков.

     

    «Девушка и море» фильмі үстіміздегі жылдың сәуір айының ортасынан бастап дайындық кезеңде болған. Осы уақыт аралығында режиссерлік сценарий жазылып, фото және бейне байқаулар жасалып, түсірілім локациялары анықталды. Әзизжан Заировтың айтуына қарағанда, дайындық кезең барысында барлық департаментпен, оның ішінде қоюшы суретшімен, оператор және жарық түсурішілермен үлкен жұмыс атқарылған. Оған қоса, режиссер фильмнің актерларының дикциясын дұрыс қою үшін, күнделікті логопедтер жұмыс істегенін айтты.  

     

    Фильмнің түсіру жұмыстары екі ай бойы Алматы қаласында өтеді.

     

    Фильм туралы: Өзінің жазылмайтын ауруына қарамастан, Әсел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдің бар қиыншылығына көнуге дайын. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.   

     

    Режиссерлері: Мұхамед Мамырбеков, Әзизжан Заиров

    Сценарий авторлары: Мұхамед Мамырбеков, Әзизжан Заиров

    Қоюшы операторы: Тимур Итенов
    Қоюшы суретші:
    Джал Ибрагимов
    Костюм жөніндегі суретші: Наталия Баженова

    Атқарушы продюсері: Дина Нұрмұханова

    Продюсері: Әзизжан Заиров

    Рөлдерде: Динара Шәріпова, Тахир Умаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Әділбаев және басқалары. 



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020