• 23.05.2017

    «Анаға апарар жол» фильмі Грекияда көрсетіледі


    2017 жыл мамырдың 24 күні Грекияның Ахарнон қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастарының 25-жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Новый мир» ЖШС-сімен бірлесе түсірілген «Анаға апарар жол» фильмі көрсетіледі. Мәдени іс-шараны еліміздің Грекия Республикасындағы Елшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастырып отыр.


    Режиссер Ақан Сатаев түсірген фильм өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдырын баяндайды. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңді – ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдарды қамтиды.


    Естеріңізге сала кетсек, аталған тарихи туынды 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және «Еуразиялық көпір» атты фестивальге қатысып, Бас жүлдені, сонымен қатар актриса Алтынай Нөгербек «Үздік әйел адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті. Одан бөлек, бұл туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған «Сыншылар таңдауы» жүлдесінде үш бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, «Ең үздік актриса» - Алтынай Нөгербек; «Екінші пландағы үздік актриса» Аружан Жазылбекова; «Фильмге жазылған үздік музыка» номинациясын аталмыш фильмнің композиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский иемденді. Одан бөлек, кинотуынды жақында ғана Бішкекте өткен «Ақ ілбіріс» атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды.


    «Анаға апарар жол» фильмі 24 мамырда сағат 19:00-де Ахарнон әкімдігі залында көрсетіледі. Кіру тегін.


    «Анаға апарар жол» Фильм туралы: Фильмнің желісі қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерден құрылған, атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттың басына түскен ұлы трагедия – жұт (ашаршылық), Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдің ауртпашылығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдің зорлық-зомбылығын көріп, қиянатын кешсе де, жалғыздықтың тауқіметін тартса да, бас Қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күманданбайды.


    Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Новый мир» Продакшн» ЖШС және «Сатайфильм» компаниясының қатысуымен 
    Жанры: тарихи драма
    Режиссері: Ақан Сатаев
    Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов
    Қоюшы операторы: Хасан Қыдырәлиев
    Қоюшы суретші: Назира Байбекова, Лариса Решетова
    Костюмдер жөніндегі суретші: Әсел Шалабаева
    Рөлдерде: Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек, Азамат Сатыбалды және т.б.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019