• 28.03.2017

    «Қазақфильмде» «Ең сұлу қыз» фильмінің дайындық жұмыстары басталды


    «Қазақфильм» киностудиясында «Ең сұлу қыз» атты көркем фильмнің түсірілім алдындағы жұмыстары басталды. Бұл - режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» комедиялық фильмінің жалғасы. Фильмді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиясы түсіреді.


    Фильм жайлы: достардың ішінде Самат қана отбасын құрмаған. Бауыржан оған қалыңдық тауып, үйлендірмек болады. Екеуі қалыңдық іздеп үлкен қалаға келеді. Бұл сапарда олар түрлі оқиғаларға тап болады. Екеуі ойда-жоқта халықаралық қылмыскерлер деп танылып, полицейлер мен бандиттердің қуғынына ұшырайды.


    Қазіргі таңда түсірілім тобы дайындық кезеңінде. Түсірілім тобы реквизиттер дайындап, костюмдер мен локация таңдау үстінде. Сондай-ақ жуық арада түсірілім тобы қосалқы рөлдерге кастинг жариялайтын болады.


    Фильмнің продюсері Айдархан Әділбаев дайындық жұмыстары туралы айтып берді: «Түсірілім тобы бірінші фильмде жұмыс істеген мамандардан құралған. Олар режиссерді жақсы түсінеді. Естеріңізде болар, «16 қызда» бірінші планда Берік Айтжанов айдаған волга ГАЗ-21 көлігі болатын, бұл жолы Мин дәуірінің антикварлық құмырасы болмақ. Бұл фильмде көрермендерді сапалы әзілдер мен қызықты оқиғалармен байытуға тырыстық».


    Фильмге «16 қызда» түсіп, көрермен қауымның көңілінен шыққан Берік Айтжанов, Аша Матай, Қуаныш Долдаев, Ғани Құлжанов, Саят Мерекенов және Дәурен Айдарқұлов түседі. Сондай-ақ, жаңа кейіпкерлер қосылады. Оларды Қарлығаш Мұхаметжанова, Мұрат Бисенбин, Жанна Қуанышева, Фархат Абдрайымов, Асан Мәжит және Ерболат Тоғызақов ойнайды.


    Естеріңізге сала кетсек 2016 жылы «16 қыз» фильмі прокатта көшбасшылар қатарынан көрінген.


    Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Ұзақтығы: 90 минут Жанры: Комедия Сценарий авторлары: Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков Қоюшы-режиссері: Қанағат Мұстафин Операторлары: Айдар Оспанов, Айвар Кыдырбаев Костюм жөніндегі суретші: Алена Лузанова Композиторы: Никита Карев Продюсері: Айдархан Әділбаев Актерлер: Берік Айтжанов, Аша Матай, Қуаныш Долдаев, Дәурен Айдарқұлов, Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Мұрат Бисенбин,.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019