• 16.03.2017
    997

    «Қазақфильм» жаңа қысқаметражды фильмдердің көрсетілімін өткізді


    Бүгін Алматыда Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірген қысқаметражды фильмдердің арнайы көрсетілімі өтті.


    Бұл көрсетілімнің басты мақсаты – жас режиссерлердің жұмыстарын қолдау әрі ынталандыру, өскелең кинематографистердің дебюттік фильмдеріне қызығушылық арттыру болып табылады. Көрсетілім аясында 2016 жылдың соңында өндіріске жіберілген фильмдер, олардың қатарында: «Пәтер» (режиссері Ербол Бораншы), «Жесткий тип» (режиссері Баймұрат Жұманов), «Миша» (режиссері Асқар Әуелбек), «Письмо» (реж. Әділ Мұсатаев), «Таксист» (реж. Дәулетжан Махмұт) картиналары көрсетілді.


    Мәдени іс-шараға Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің көркемдік жетекшісі Дәрежан Өмірбаев және фильмдердің режиссерлері қатысты. - Біздің басты мақсатымыз – дебютант-режиссерлерге өзінің шығармашылық потенциалын ашып көрсетуіне мүмкіндік жасау. Бүгінгі дебютанттардың арасында кейбіреулері өз өмірін кинематограф өнерімен байланыстырып, режиссер атанса, бұл жақсы көрсеткіш, - деді Дәрежан Омірбаев.


    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі жыл сайын отандық кинематорграфты бірқатар жаңа есімдермен толықтырып отырады (жылына 6-7 қысқаметражды фильм). Сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясы түсірген қысқаметражды фильмдері халықаралық кинофестивальдерде лайықты бағасын алып, марапаттарға қол жеткізеді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020