• 18.02.2017
    1145

    Астанада «Ресей киносы күндерінің» ашылуы өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Астанада Ресей киносы күндері  2017 жылдың 17 – 19 ақпан аралығында өтеді. Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы мәдениет министрлігінің қатысуымен өткізіліп отыр.
    Ресей киносы күндері 1985 жылы мұз құрсауында төрт жарым ай қалып, қайғылы апатқа ұшыраған «Михаил Громов» мұзжарғышы туралы түсірілген «Ледокол» шытырман фильмімен ашылды. Фильмді көрермен қауымға ұсыну үшін РФ еңбек сіңірген артисі, басты рөлдердің бірін сомдаған Сергей Пускепалис арнайы келді.
    Салтанатты іс-шараға ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстандағы РФ Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников және басқа да мемлекеттердің дипломатиялық миссиясы өкілдері, Ресейден келген ресми делегация және актриса Ольга Филимонова, кинопродюсер Василий Соловьева, "Кинофест"  продюсерлік орталығының бас директоры Сергей Брагин қатысты.
    ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова салтанатты кешке жиналған қауыммен амандасып, сөз сөйледі: Ресей киносы күндері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қалыптасқан дипломатиялық қарым-қатынастардың 25-жылдығы аясында және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісім негізінде өткізіліп отыр. Осындай іс-шаралар екі елдің мәдени алмасуына септігін тигізеді.
    Өз кезегінде Қазақстандағы РФ Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников: Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланысы бұрын да болған және бола береді. Біздің мәдени байланысымыз, екі ел халқының рухани жақындығын білдіреді. Осы шараны өткізуге атсалысқан РФ мәдениет министрлігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне және «Қазақфильм» киностудиясына алғыс білдіремін, - деді.

        
    Ресей киносы күндері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісім, сонымен қатар 2016 жылғы 5 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған 2017-2019 жж. арналған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және РФ Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында өткізіледі.
    Бұл іс-шараның басты мақсаты кинематография саласында екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және шетелдерде ресейлік фильмдердің насихатын жүргізу, сондай-ақ, қазақстандық көрерменді Ресей кинематографиясының жаңа туындыларымен таныстыру.
        Сондай-ақ, Ресей киносы күндері бағдарламасында: XXVII  Ашық Ресейлік «Кинотавр» кинофествалінде Гран-приге ие болған – «Хороший мальчик» комедиясы (реж.Николай Карас), ресейлік прокаттың көшбасшысыларының бірі «Экипаж» блокбастері (реж.Николай Лебедев) және «Волки и овцы: б-е-е-е-зумное превращение» (реж: Максим Волков, Андрей Галат) анимациялық фильмі бар. Кіру тегін.

    «Kinopark 7 (Керуен) IMAX 3D» ( Достық көшесі, 9) кинотеатрында өтетін көрсетілімдердің кестесі:
    17 ақпан (жұма), 18:00 – Ашылу салтанаты, «Ледокол» фильмінің көрсетілімі
    18 ақпан (сенбі), 16:00  – Волки и овцы: б-е-е-е-зумное превращение» анимациялық фильмінің көрсетілімі
    18 ақпан (сенбі), 18:00 – «Экипаж» фильмінің көрсетілімі
    19 ақпан (жексенбі), 18:00 – «Хороший мальчик»фильмінің көрсетілімі

    Ледокол (2016, 120 мин)
    Драма, фильм-катастрофа
    Өндірісі: «Профит» студиясы
    Режиссері: Николай Хомерики
    Сценарий: Алексей Онищенко, Андрей Золотарев
    Оператор: Федор Лясс
    Композиторы: Туомас Кантелинен
    Продюсерлері: Игорь Толстунов, Анна Кагарлицкая, Александр Козлов, Василий Соловьев, Сергей Козлов
    Актерлері: Пётр Фёдоров, Сергей Пускепалис, Анна Михалкова, Ольга Филимонова, Александр Яценко, Александр Паль, Виталий Хаев, Алексей Барабаш, Дмитрий Муляр, Артур Чиргадзе
    Өмірде болған оқиға негізінде түсірілген. 1985 жыл. «Михаил Громов» мұзжарғышы алдынан үлкен айсберг шығады. Одан қашпақ болған кеме мұз құрсауында қалып, Антарктида жағалауында дрейфке түседі. Айнала түнерген тыныштық және сықырлаған аяз. Жанармай бітуге жақын... Кемедегілердің жүйкелері сыр берген... Кетуге болғанмен – кете алмайды. Мұзжарғыш командасының қатеге жол беруге құқы жоқ. Бір қате шешім – кеме су астына кетеді...

    Хороший мальчик (2016, 95 мин)
    Комедия
    Өндірісі: Студия «2Д Целлулоид», «Арт Пикчерс Студия»
    Режиссері: Оксана Карас
    Сценарий авторлары: Михаил Местецкий, Роман Кантор, Оксана Карас
    Операторы: Сюзанна Мусаева
    Композиторлары: Михаил Морсков, Артем Федотов, NEOPOLEON
    Продюсерлері: Юрий Храпов, Василий Соловьев, Оксана Костюченко, Анна Пескова
    Актерлары: Семен Трескунов, Константин Хабенский, Михаил Ефремов, Александр Паль, Ирина Пегова, Анастасия Богатырева, Татьяна Догилева, Василий Буткевич, ИеваАндреевайте, Ирина Денисова

    Коля Смирнов мұғаліміне ғашық болып қалады. Ол мектептің ең сұлуы! Мұғалімдер арасында әрине. Алайда жоғары сыныпта оқитын Ксюшаны қайтеміз? Ол да сұлу. Коляның арманындағы қызы, алайда жақындауға қорқады. Өйткені ол мектеп директорының қызы! О да тұрған не бар дейсің? Директор ендігі Коляның досына айналған – екеу ара тірліктері бар. Бірақ директор мен тоғызыншы сынып оқушысы араларында қандай тірлік болуы мүмкін? Ол – бар болғаны он бес жастағы бозбала ғой! Осындай жағдайда мектеп күніне қалай дайындалады? Би де, Рахманинов та жайында қалады. Қырсыққандаосы кезде компьютерлік сыныпты біреудің өртеп жібермесі бар ма. Бұны кім істегенін түсіне бастаған сәтте Коля әкесінен олардың отбасы 12/36 системасына көшетіндерін естиді.

    Экипаж (2016, 137 мин)
    Драма, фильм-катастрофа
    Өндірісі: Студия «ТРИТЭ»
    Режиссері: Николай Лебедев
    Сценарий авторлары: Николай Куликов, Николай Лебедев, Тихон Корнев, Юрий Коротков, Алексей Онищенко
    Операторы: Ирек Хартович
    Композиторы: Артем Васильев
    Продюсерлері: Леонид Верещагин, Антон Златопольский, Никита Михалков
    Актеры: Данила Козловский, Владимир Машков, АгнеГрудите, Василий Мищенко, Ирина Пегова, Сергей Кемпо, КатеринаШпица, Ирина Лачина, Сергей Шакуров, Сергей Газаров, Елена Яковлева, АлёнаБабенко

    Фильм жас та талантты ұшқыш Алексей Гущин туралы. Ол өзінің ар кодексімен өмір сүретін азамат. Оны мағынасыз бұйрықты орындамағаны үшін әскери авиациядан шығарып жібереді, десе де азаматтық ұшақтарды айдауға мүмкіндік алады.Гущин ұшқыш мәнсабын жаңадан бастайды. Оның тәлімгері – әуе кемесінің командирі қатал да қайсар Леонид Зинченко. Оның әріптесі – екінші ұшқыш сұлу да тәкаппар Александра. Олардың қарым-қатынастары қиын өрбиді. Алайда, өмір мен өлімнің арасында тұрғанда, айнала от пен күлге айналған шақта Гущин барын салады. Экипаж ұшақтағы жүзден астам адамды біріге отырып қана құтқарып қалатындарын түсінеді.

    Волки и овцы: б-е-е-е-е-зумноепревращение  (2016, 80 мин)
    Анимация: шытырман оқиғалы, отбасылық кино, ертегі
    Өндірісі: Студия «Визарт фильм»
    Режиссері: Максим Волков, Андрей Галат
    Сценарий авторлары: Нил Ландау, caxap.1kg, Максим Свешников, Тихон Корнев
    Композиторы: Александр Лессертисье
    Продюсерлері: Сергей Сельянов, Владимир Николаев, Юрий Москвин
    Актеры: Александр Петров, Елизавета Боярская, Сергей Безруков, Екатерина Иванчикова, Юрий Гальцев, Андрей Рожков, Татьяна Шитова, Диомид Виноградов, Андрей Бархударов, Дмитрий Филимонов

    Жас та уайымсыз Серый есімді қасқыр жуық арада «өзгелер арасында өзімізге» айналатыны туралы білмейді. Ұяластары арасында басшы және ең әдемі қасқыр Бьянканың қолы (дәлірек, тұяғына) мен жүрегі тиесілі болса да үйірлестерімен ойнауын қоймайды. Ол сиқыры бар сұйықтықты ішіп өзін өзгертпекші болады. Міне осы сәттен бастап бәрі де өзгеріп шыға келеді. Серый қойға айналып кетеді!


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020