• 17.02.2017
    1042

    Алматыда жаңа деректі фильмнің көрсетілімі өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Бейсетай Дәуренбеков және 12 тағдыр» атты жаңа деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Фильмнің режиссері Қайрат Қуанышбаев.

    Деректі фильмде Алматы облысында суға кеткен 12 баланы  құтқарып қалған Бейсетай Дәуренбековтің ерлігі баяндалады. Картинада бас кейіпкердің өзі және аман қалған адамдар өз естеліктерімен бөліседі.

    - Бұл оқиға туралы менің досым – суретші Жанұзақ Мүсәпір айтып берген болатын. Фильмнің басты кейіпкері жасаған ерлік кез келгеннің қолынан келе бермейді. Осындай жанқиярлық әрекетті жасау оның тағдырына жазылған болар, - деді картинаның режиссері Қайрат Қуанышбаев.

    Фильмнің түсіру жұмыстары Алматы облысына қарасты Іле-Балқаш аудандарында Ақжар және Аралтөбе ауылдарында бір ай ішінде жүргізілді.

    Бүгінде 78 жастағы Бейсетай Дәуренбеков Алматы облысында тұрады. Аман қалған 12 оқушы арасында қазақ, орыс, белорус, поляк, шешен ұлтының өкілдері бар және бәрі де  Бейсетай Дәуренбековпен араласып, кездесіп тұрады. Тіпті кейбіреулері арнайы шетелден ұшып келеді.  

    Режиссері және сценарий авторы: Қайрат Қуанышбаев
    Операторы: Алексей Кирюхин
    Дыбыс режиссері: Андрей Влазнев
    Кеңесші: Жанұзақ Мүсәпір
    Фильм туралы: Деректі фильмде Алматы облысында 1972 жылы 18 желтоқсанда орын алған қайғылы оқиға баяндалады. Интернатта тәрбиеленуші 15 бала отырған паром аударылып кетеді. Ауылда көлік жүргізуші болып істейтін Бейсетай Дәуренбеков  он екі оқушыны құтқарып қалғанымен, үш бала суға ағып кетеді.

    Режиссер туралы:
    Қайрат Қуанышбаев – кино және телевизия режиссері. Бүкілодақтық Мемлекеттік кинеметография институтынан (ВГИК) кейін  телеарналарда бағдарламалардың режиссері ретінде жұмыс істейді. Әр жылдары Қайрат Қуанышбаев «Құрақ көрпе», «Жоғалған жұмақ» және «Махаббат жағасы» көркем фильмдерінде екінші режиссер болып қызмет жасады. 2013 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Түс болжау» атты қысқаметражды фильмді түсіреді.  Сонымен қатар Қ.Қуанышбаев «Майлықожа» (Қазақфильм, 2014 ж.) және «Берел» (Қазақфильм, 2015 ж.) атты деректі фильмдерді жарыққа шығарған.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020