• 11.02.2016
    1893

    «Жаңғақ тал» картинасы Францияда өткен халықаралық кинофестивальде марапатқа ие болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген «Жаңғақ тал» фильмі Везульдегі (Франция) Азия киноларының 22-і Халықаралық кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың кинокартинасы халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесіне және кино сыншыларының арнаулы жүлдесіне ие болды.

    Іріктеу комиссиясы конкурстық көрсетілім үшін «Жаңғақ тал» фильмін үздік азиялық кинотуындылар арасынан таңдап алған болатын. Фильмнің мазмұнына келсек, онда қарапайым отбасындағы қарым-қатынастар суреттеледі. 

    Фестиваль аясында француз көрермендеріне ұсынылған фильмнің көрсетіліміне режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің өзі де қатысты. Ал конкурсқа қазақстандық туындыға бәсеке ретінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Филиппин және Түркия елдерінің 8 кинокартинасы ұсынылған болатын. Солардың арасында «Жаңғақ тал» фильмі талғамы биік көрермендердің көңілінен шығып, киносыншылар мен мамандар арасында жоғары бағаға ие болды.Айта кетерлігі, фестиваль аясында бағдарлама бойынша барлығы 90-нан астам фильм көрсетілген болатын. 

    Негізгі конкурста фильмдерге оңтүстік кореялық режиссер Им Санг-Су төрағалық ететін қазылар алқасы баға берді. Қазылар құрамында режиссер Нан Тривени Ахнас (Сингапур), продюсер және актриса Мания Акбари (Тегеран), режиссер Еутана Мукдасанит (Тайланд) секкілді танымал тұлғалар болды. 

    Везульдегі финогфестиваль Франциядағы ғана емес Еуропадағы бірталай уақыт бойы өткізіліп келе жатқан ауқымды азиялық кино форумы болып табылады. 

    Еске салайық, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі бұған дейін Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьерасын өткізіп, онда New Currents («Жаңа ағым») секциясы аясында жүлдеге ие болған еді.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020