• 30.01.2014
    2534

    «Бауыр» фильмі Санта-Барбара қаласында өтетін Халықаралық кинофестивальге қатысады.

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» атты фильмі АҚШ-тың Санта-Барбара қаласында қаңтардың 30-ы мен ақпанның 9-ы аралығында өтетін 29-шы Халықаралық кинофестивальдің негізгі байқауына қатысады.  

    1985 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Халықаралық кинофестивальдің басты мақсаты – жергілікті киноөндірісті  дамыту және американдықтарды әлемнің сапалы тәуелсіз фильмдерімен таныстыру.

    Серік Апрымовтың фильмімен бірге «Шығыс Еуропаның үздік фильмі» Бас жүлдесі үшін атсалысатын  картиналар: «Адрия блюз», режиссері Мирослав Мандич (Словения, Хорватия), «Сайқымазақтар», режиссері Виктор Таус (Словакия, Люксембург, Чехия, Финляндия), «Ойыншы», режиссері Игнас Ионинас (Литва, Латвия), «Жапон иті», режиссері Тудор Кристиан Жургиу (Румыния), «Айға жолдама», режиссері Яцек Бромский (Польша) және «Жаңғыру», режиссері Элис Неллис (Чехия).

    Естеріңізге сала кетсек, «Бауыр» фильмі ең алғаш 70-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында көрсетілген болатын. Аталмыш кинофестивальден кейін «Бауыр» фильмі IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып, екі бірдей жүлдеге – «Үздік режиссер» және НЕТПАК жүлделеріне қол жеткізді.
    Сонымен қатар, «Бауыр» фильмі Австрияда өткен Халықаралық «Viennale» кинофестиваліне қатысты. Қаңтар айында Серік Апрымовтың фильмі Гётеборг қаласында өтетін Халықаралық кинофестивалінде және Францияның Ciné Junior балалар мен жасөспірімдер кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілетін болады.  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020