• 14.01.2014

    Ербол Жұмағұловтың «Кітап» фильмі Бангладеште өтетін Халықаралық кинофестивальде бақ сынайды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссер Ербол Жұмағұловтың «Кітап» фильмі Бангладеш қаласында қаңтардың 10-ы мен 18-і аралығында өтетін 13-ші Халықаралық кинофестивальдің «Spiritual Films» («Рухани фильмдер») байқауына  қатысады.

    «Рухани фильмдер» бағдарламасының  қазылар алқасының төрағасы  режиссер Самир Наср (Мысыр/Канада).  Қазылар алқасының  мүшелері:  продюсер Санджай Гхош (Үндістан), режиссер Сахра Карими (Ауғаныстан), режиссер Энамул Карим Нириджхар (Бангладеш) және SIGNIS бүкіләлемдік каталиктер қауымдастығының  өкілі Лох Чай Кун Винифред (Сингапур). Қазылар алқасы  осы бағдарламаға қатысқан фильмдердің ішінен үздік көркем және деректі фильмді анықтайтын болады.

    Даккадағы Халықаралық кинофестиваль 2002 жылдан бері Rainbow Film Society киноклубының ұйымдастыруымен  өткізіліп келеді. Биыл фестиваль барысында 50 елдің 150-ге жуық фильмі көрсетіледі.

    Естеріңізге сала кетсек, Ербол Жұмағұловтың «Кітап» фильмі былтыр күзде Оңтүстік Кореяда 18-ші Халықаралық  Пусан кинофестивалі  аясында тұсауы кесілген болатын.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019