• 28.05.2013
    2123

    Батыстың «The Hollywood Reporter» басылымы «Жарасым дәрістері» фильмінің екі бірдей өкілін Еуропа кинематографиясында жұлдыздары жанған бес өнерпаздың тізіміне енгізді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    cannes2013_day2-1.jpgӘлемдік кино өнеріндегі жаңалықтарды  қадағалап отыратын американдық «The Hollywood Reporter» журналы 66 Канн кинофестивалі кезінде  Еуропа кинематографиясында  жұлдызы жанған бес өнерпаздың тізімін жариялады. Олардың қатарында «Жарасым» дәрістер» фильмінің екі бірдей өкілі – фильмнің продюсері Анна Качко мен қоюшы операторы Әзиз Жамбакиев бар. 

    Жылдың басында өткен Халықаралық Берлин кинофестивалі кезінде де «The Hollywood Reporter» журналы «Жарасым дәрістері» фильміне жоғарғы бағасын беріп, «кино әлеміне жаңа таланттың келгенінің  белгісі» деп жазған болатын. Сондай-ақ, аталмыш мақалада фильмнің операторы – Әзиз Жамбакиевтың қазақ даласын  көркем   бейнелегені жөнінде сөз айтылған. 

    18 мамырда Канн кинофестивалінің  шеңберінде өткізілетін Халықаралық Кинонарығында  (Marche International du Film) Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» фильмі көрсетілді. Аталмыш кинонарықтың басты мақсаты – халықаралық дистрибьюторлар үшін коммерциялық потенциалы бар қызықты фильмдерді таңдау. 

    Естеріңізге сала кетсек, жас режиссер Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» фильмі қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет  Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Күміс аю» жүлдесіне  қол жеткізген кинотуынды. Сонымен қатар, отандық фильм немістің ірі «Morgen Post» атты газеті тағайындаған арнайы сыйлыққа және «Трайбека» кинофестивалінде халықаралық қазылар алқасы тағайындаған арнайы дипломға ие болды. Жас режиссердің алғашқы толықметражды туындысына халықаралық киносыншылар да жоғарғы бағасын берген болатын.  



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020