• 29.05.2013
    2344

    «Ұстаз» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  «Аржан» қоғамдық қорының ұсынысымен  мүмкіндігі шектеулі студенттерге  «Ұстаз» фильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды. 

    «Қазақфильм» киностудиясында алғаш рет қонақта болған студенттерге арналған  экскурсия танымал қазақ    режиссері, актер Шәкен Аймановтың ескерткішінен басталып,  қазақ кино өнерінің майталмандарына арналған  жұлдыздар аллеясында жалғасты.   Бірнеше сағатқа созылған экскурсия барысында қонақтар киностудияны аралап, түсіру павильондарды  және сандық кешенді  көріп тамашалады.

    - Экскурсия өте қызықты өтті, алғысымызды білдіреміз. «Ұстаз» фильмін көріп балалар өте қуанды. Олар дәл осы кинотуындыны көргісі келіп еді, - деді «Аржан» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Қасиет Омарова. 



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020