• 30.05.2013
    1602

    «Жарасым дәрістері» фильмі Швейцарияда өтетін Халықаралық кинофестивальде бақ сынайды

    111.jpgШәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» фильмі Швейцарияның Базель қаласында мамырдың 29-ы мен маусымның 2-і аралығында өтетін ІІІ Халықаралық «Bildrausch Film Fest Basel» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады. 

    2011 жылы өз шымылдығын ашқан «Bildrausch Film Fest Basel» кинофестивалі авторлық және инновациялық киноларға бағытталған. Жыл сайын кинофестиваль барысында киносыншылар мен көрермендердің ықылас-ілтипатына бөленген, сонымен қатар, ірі және беделді халықаралық кинофестивальдерде жүлделі орындардан көрінген фильмдер көрсетіледі. Фестивальдің директоры − Швейцарияның танымал режиссері Вадим Ендрейко. ІІІ Халықаралық «Bildrausch Film Fest Basel» қазылар алқасының мүшелері: Фред Келемен, Яннис Экономидес, Рамон Зюрхер сынды режиссерлер, сонымен қатар,  профессор Уте Холл.

    Естеріңізге сала кетсек, жас режиссер Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» фильмі қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет  Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Күміс аю» жүлдесіне  қол жеткізген кинотуынды. Сонымен қатар, отандық фильм немістің ірі «Morgen Post» атты газеті тағайындаған арнайы сыйлыққа және «Трайбека» кинофестивалінде халықаралық қазылар алқасы тағайындаған арнайы дипломға ие болды. 

    Швейцарияның көрермендері «Жарасым дәрістері» фильмін сенбі күні  – 1 маусымда  «Stadtkino» кинотеатрында тамашалайтын болады.  



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020