• 31.05.2013
    1875

    Астана қаласында «Замандас келбеті» атты деректі фильмдер апталығы өтеді

    2013 жылы маусым айының 4-і мен 8-і  аралығында Астана қаласында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған «Замандас келбеті» атты деректі фильмдер апталығы өтеді.

    «Замандас келбеті» деректі фильмдер апталығы   шеңберінде Сұлтан Оразалин, Шерхан Мұртаза, Камал Ормантаев, Төлен Әбдік және Шәмші Қалдаяқов сынды Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылық жолына арналған соңғы жылдары жарық көрген деректі фильмдер көрсетіледі. Көрсетілімдер фильмнің қоюшы режиссерлері мен шығармашылық топтың қатысуымен өтеді.

    Аталмыш мәдени іс-шара барысында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған туындылар ұсынылады. Олар: «Руханият сардары» (режиссері Жаңабек  Жетіруов), «Шерхан Мұртаза» (режиссері  Ілияс Ысқаков), «Академик Ормантаев» (режиссері Жаңабек  Жетіруов), «Парасат Әуендері» (режиссері  Алмас Әбдіков), «Шәмші» (режиссері Төлеген Ахметов).

     «Замандас келбеті» атты деректі фильмдер апталығы 4 маусымда режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Руханият сардары» фильмімен ашылады. Көрсетілімге картинаның режиссері, сондай-ақ белгілі жазушы, драматург Сұлтан Оразалин қатысады. Ал 8 маусымда деректі фильмдер апталығының  жабылу кешінде қазақ вальсінің королі, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірін суреттейтін «Шәмші» деректі фильмі көрсетіледі.

    Барлық көрсетілімдер Еуразия Ұлттық университетінің №5 «Студенттер үйі» кинотеатрында ( М. Жұмабаев көшесі 14/1)  өтеді.  Кіру тегін.
    Замандас Келбети.png


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020