• 23.05.2013
    2044

    «Аққыз» фильмі Нью-Йорк қаласында өтетін еуразиялық фильмдер фестиваліне қатысады

    Фильм «Аккыз» участвует на кинофестивале евразийских фильмов в Нью-ЙоркеШәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Айжан ару» ЖШС және «Жаңа ғасыр» студиясымен бірлесе отырып шығарған режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі Нью-Йорк қаласында мамырдың 20-ы мен 24-і аралығында өтетін «New York Eurasian Film Festival» атты Еуразиялық фильмдер кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады.

    Естеріңізге сала кетсек, «Аққыз» фильмі Таллин қаласында өткен XV «Қараңғы түн» кинофестивалінің негізгі конкурсына, Рим және Анталия қалаларында өткен халықаралық кинофестивальдерге, Kolkata international film festival және «Osian's-Cinefan» атты үндінің халықаралық кинофестивалдеріне қатысқан болатын. Сонымен қатар, аталмыш картина АҚШ-та өткен «Жазық дала гүлдері:қазақ киносының күндері» фестивалі аясында көрсетілген болатын.

    Сондай-ақ, «New York Eurasian Film Festival» фестивалінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған қысқаметражды фильмдер де бақ сынайды. Олар: режиссер Антон Митневтың «Ауыл дәрігері», режиссер Айнұр Ысмайлованың «Көке» және режиссер Алмас Бектібаевтың «Теңіз қасқыры» фильмдері.

    «New York Eurasian Film Festival» фестивалі - Еуразия елдері шығарған көркем, деректі, қысқаметражды және анимациялық фильмдерін әлемге таныстыратын ірі кинофестивальдердің бірі. 2010 жылы Нью-Йорк қаласында өткен бірінші Еуразиялық фильмдер фестивалінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған Ермек Тұрсыновтың «Келін» картинасы жылдың ең үздік фильмі болып атанған болатын.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020