• 21.02.2013
    1747

    Актау қаласында «Қазақ киносының күндері» өтеді

    Дни казахского кино в Актау21 мен 23 ақпан аралығында Ақтау қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігі және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастыруымен «Маңғыстау облысындағы қазақ киносының күндері» өтеді.

    Аталған мәдени іс-шара қазіргі қазақ киносының кеңінен насихатталуына бағытталып, қазақстандықтарды отандық кинематографияның жаңа жетістіктерімен таныстыру мақстаында арнайы ұйымдастырылған.

    Бұл күндері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған «Жаужүрек Мың Бала» (режиссері Ақан Сатаев), «Аңшы бала» (режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов және Бегарс Елубай) және «Ка мырза, Сіз кімсіз» (режиссері Хуат Ахметов ) фильмдері көрсетіледі.

    «Маңғыстау облысындағы қазақ киносының күндері» көрерменнің көзайымына айналған «Жаужүрек Мың Бала» фильмімен ашылады. Бұл көрсетілімге картинаның режиссері Ақан Сатаев, басты кейіпкерлер Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген қатысады. «Аңшы бала» фильмін көрермендерге таныстыратын картинаның режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов және сценарий авторы Смағұл Елубай.

    Қазақ киносының күндері «Ка мырза, Сіз кімсіз?» фильмімен аяқталады. Көрсетілімге қазақ киносының мэтрі, ҚР халық артисі Асанәлі Әшімов қатысады.

    Көрсетілімдер Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында өтеді.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020