• 12.02.2013
    1577

    Мексикада Дәрежан Өмірбаевтың фильмдері көрсетіледі

    21 ақпан мен 3 наурыз аралығында Мексикада өтетін UNAM International Film Festival (FICUNAM) атты үшінші халықаралық кинофестивальде белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаевтың фильмдері көрсетіледі.

    Осы фестивальде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ әр жылдары түсірген режиссер Дәрежан Өмірбаевтың алты бірдей фильмі көрсетіледі, олар: «Қайрат» (1991 жыл), «Кардиограмма» (1995 жыл), «Кил​лер» (1998 жыл), «Жол»» (2001 жыл), «Шұға» (2007 жыл) және «Студент» (2012 жыл). Аталған фильмдер Мексиканың University Cultural Center, Chopo University Museum, Contemporary Art University Museum, Acatlán Higher Learning Institution және Aragón Higher Learning Institution ғимараттарында көрсетіледі.

    - Мексикаға алғаш рет бара жатырмын. Әрине, осы елде мен түсірген фильмдер көрсетілетініне өте қуаныштымын, - деді Дәрежан Өмірбаев.

    Режиссердің жұмыстарынан құралған ретроспективалар бұдан бұрын Канаданың Торонто қаласында және Морокконың Рабата қаласында көрсетілген болатын. Сонымен қатар, режиссер Кореяның Сеул қаласында орналасқан кино мектебінде шеберлік-сағаттарын өткізген еді.

    Мексиканың Ұлттық автономиялы университеті ұйымдастырған FICUNAM фестивалі биыл Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмімен ашылады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020