09.11.2012
Президент күні
Барлық фотосуреттерді көру
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ еліміздің алдыңғы қатардағы жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімін ұйымдастыруда. Жуырда аталмыш фильмді Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақ ұлттық университетінің студенттері тамашалады.
Фильмге түскен актерлер: Қазақстан Республикасының халық артисі Нұржұман Ықтымбаев, актриса Алмагүл Әлішева, жас актер Елжас Әлпиев көрсетілім алдында студенттердің бірнеше сұрақтарына жауап берді.
- «Қазақфильм» киностудиясының басшылығына осы мерекелі іс-шараны ұйымдастырғандары үшін, және осы фильмді тамашалауға келген көрермендерге алғысымды білдіремін, - деді Нұржұман Ықтымбаев көрсетілім алдында.
Естеріңізге сала кетсек, Елбасының «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Еуразия жүрегінде» кітаптарының негізінде түсірілген режиссер Рүстем Әбдірашевтің Қазақстан Республикасы Президентінің балалық шағы туралы фильм 2011 жылы жарыққа шыққан болатын.