16.10.2012
2018
Red Square Screenings
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған фильмдер қазанның 15-сі мен 20-сы аралығында Мәскеу қаласында ресейлік Кино қоры ұйымдастырған Red Square Screenings атты әлемдік киноиндустрия өкілдеріне арналған көрсетілім шеңберінде ұсынылатын болады.
Жыл сайын өткізілетін бұл халықаралық мәдени іс-шараға шетелдің жетекші дистрибуторлары, sales-агенттер, халықаралық ақпарат құралдары мен кинофестивальдердің өкілдері қатысып, Ресей мен ТМД елдерінің фильмдерін тамашалайды. Биыл ұйымдастырылған Red Square Screenings мәдени іс-шараның ерекшелігі - Украина мен Қазақстан фильмдерінің қатысуы. Еліміздің атынан аталмыш көрсетілімге қатысатын делегацияны «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаев бастап барады.
Red Square Screenings мәдени іс-шара барысында көрсетілетін отандық фильмдердің тізімі:
1. «Жаужүрек Мың Бала», режиссері Ақан Сатаев;
2. «Ликвидатор», режиссері Ақан Сатаев;
3. «А-ға оралу», режиссері Егор Михалков-Кончаловский;
4. «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман», режиссері Ахат Ыбыраев;
5. «Ғаламтордағы махаббат», режиссері Әмір Қарақұлов.
Іріктеліп алынған барлық фильмдерді іс-шара барысында ұйымдастырылған арнайы бейнекітапханада және жыл бойы онлайн түрін көріп тамашалауға болады.
Аталған мерекелік іс-шараның нәтижелері Variety, Screen International, The Hollywood Reporter, Filmbulletin сында басқа да әлемдік ақпарат құралдарында жарияланатын болады.