• 05.10.2012
    1657

    «Аққыз» фильмі халықаралық кинофестивальдерге қатысады

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі Италияның Рим қаласында қазанның 5-і мен 13-і аралығында «Asiatica» атты Азиялық кинолар фестивалі шеңберінде өтетін Selection Shorts and Features Film атты халықаралық байқауға және Түркияның Анталья қаласында қазанның 6-сы мен 12-сі аралығында өтетін 49- шы Халықаралық «Алтын апельсин» кинофестиваліне қатысады.

    Италия мен Азияны байланыстыратын «Asiatica» фестивалінің арнайы бағдарламасына қатысатын фильмдер «2012 жылдың Азиядағы ең үздік көркем фильмі» және «2012 жылдың Азиядағы ең үздік деректі фильмі» жүлдесі үшін сайысқа түспек.

    - Фестивальден тек жеңіспен оралуға ниеттеніп отырмын, - деді «Аққыз» фильмінің режиссері Жаңабек Жетіруов.

    Ал Халықаралық «Алтын апельсин» кинофестивалі Азиядағы ең ірі және танымал фестивальдерді бірі. Тіпті, Түркияда бұл мәдени-шараны «Ұлттық киноиндустрияның Оскары» деп те атайды.

    Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі де көрермен назарына ұсынылады.

    Естеріңізге сала кетсек, «Аққыз» фильмі 2011 жылдың қараша айында Таллин қаласында өткен XV «Темная ночь» кинофестивалінің негізгі конкурсына және Үндістанда өткен «Osian's-Cinefan» кинофестиваліне қатысқан.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020