Хайфа қаласындағы аталмыш кино мерекесі 1983 жылдан бері өткізіліп келеді. «Израильдегі тұңғыш халықаралық дәрежедегі және сапалы бағдарламалары бар кинофестиваль ретінде әлемге әйгілі», делінген фестивальдің ресми ғаламтор бетінде.
Жыл сайын жүзден астам жергілікті және шетелдің теле және кино өндірісінің майталмандары жиналатын бұл іс-шара Кармель тауының бөктерінде өткізіледі. Фестиваль шеңберінде жалпы 300-ге жуық фильмдер, соның ішінде 70 Израиль режиссерларының картиналары көрсетіледі. Сонымен қатар, фестиваль күндері арнайы ұйымдастырылған кино-мейрамханасында Жак Тати, Бастер Китон және Чарли Чаплиннің комедиялары көрермен назарына ұсынылады.
Естеріңізге сала кетсек, «Студент» фильмі Торонтодағы және Мәскеудегі «А» классындағы халықаралық кинофестивальдерге, сонымен қатар , 65-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» конкурстық бағдарламасына қатысқан.